ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ: Түркістан облысы, 24 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРА ӨТТІ

Сайрам ауданында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық мерекенің мазмұны мен мәні ашылып, онда отаншылдық сезімі дәріптелді. Аталған іс-шарада аудан әкімі Арман Сәбитов аудан тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады.

Сонымен қатар өз саласы бойынша ауданның өркендеуіне септігі тиген бір топ аудан тұрғындары мен ауыл шаруашылығы саласындағы еткен еңбегі және жетістігі үшін мекемелер, сондай-ақ үздік ауылдық округ әкімдері аудан басшысының қолынан алғыс хат алды. Одан кейін, аудан әкімі Арман Сәбитұлы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов ауданның өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыстап, кеуделеріне төсбелгі тақты. Осылайша, Ұлттық мереке қарсаңында бірқатар азаматтардың мерейлері өсіп, сан түрлі мақтау, мадақтауларға ие болды. Мерекелік кеш мағыналы әрі мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Театрландырылған қойылымдар ұсынылып, қазақтың тарихынан сыр шертілді. Жиналғандардың делебесін қоздыратын, патриоттық сезімін оятатын отаншылдық бағытындағы әндер шырқалды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Сайрам ауданында «25 қазан – Республика күні» мерекесіне орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды. Ұлттық мерекенің мазмұны мен мәні ашылып, онда отаншылдық сезімі дәріптелді. Аталған іс-шарада аудан әкімі Арман Сәбитов аудан тұрғындары мен қонақтарын Республика күнімен құттықтады. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Сонымен қатар өз саласы бойынша ауданның өркендеуіне септігі тиген бір топ аудан тұрғындары мен ауыл шаруашылығы саласындағы еткен еңбегі және жетістігі үшін мекемелер, сондай-ақ үздік ауылдық округ әкімдері аудан басшысының қолынан алғыс хат алды. Одан кейін, аудан әкімі Арман Сәбитұлы мен аудандық мәслихаттың төрағасы Шамхат Халмурадов ауданның өсіп-өркендеуі мен әлеуметтік-экономикалық, мәдени-рухани дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Сайрам ауданының «Құрметті азаматы» атағын табыстап, кеуделеріне төсбелгі тақты. Осылайша, Ұлттық мереке қарсаңында бірқатар азаматтардың мерейлері өсіп, сан түрлі мақтау, мадақтауларға ие болды. Мерекелік кеш мағыналы әрі мазмұнды концерттік бағдарламаға ұласты. Театрландырылған қойылымдар ұсынылып, қазақтың тарихынан сыр шертілді. Жиналғандардың делебесін қоздыратын, патриоттық сезімін оятатын отаншылдық бағытындағы әндер шырқалды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар