ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ШӘМШІ ҚАЛДАЯҚОВТЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ АРНАЛҒАН КЕШ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ
Бүгін Сайрам ауданы, «Манкент» шипажайындағы демалыс орнында композитор, Қазақстанның Халық әртісі, ҚР Гимнінің авторы Шәмші Қалдаяқовтың туған күніне орай, «Шарықта Шәмші әндері!» атты келелі шара болып өтті.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов арнайы құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде, шырқау көгімізде жарты ғасырдан астам уақыт бойы қалықтап келе жатқан Шәмші әуендерінің өміршеңдігін алға тартты.
Ұлы композитордың есімін ұлықтай отырып, әуелеген әндерін көпшілікке кеңінен насихаттауға бағытталған шарада аудандық Құрманбек Жандарбеков атындағы мәдениет үйі өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.
Сондай-ақ шара барысында Қазақ Халық театры, «Ақсу» Халықтық фольклорлы ансамблі, эстрада әншілері, және «Самұрық» би тобы, жалпы 50-ге жуық өнерпаз Шәмшінің әндерін шырқады. Сондай-ақ, көрермендер назарына театрландырылған сахналық қойылымдар ұсынылды.
Еліміздің түпкір-түпкірінен шипажайға келген 400-ден астам демалушылар концерттік бағдарламаны тамашалап, көңілді кешке оң бағасын берді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -