ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ЖАСТАРҒА БАҒЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР: Түркістан облысы, 05 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ЖАСТАРҒА БАҒЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ЖАСТАРҒА БАҒЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА «ЖАСТАРҒА БАҒЫТ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР

Сайрам ауданы халқының 32,3 пайызын жастар құрайды. Бүгінгі күнге дейін ауданда көптеген іс-шаралар өткізілсе, оған жастардың белсене атсалысып жүргенін айтуға болады. Жуырда аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әділхан Төлегеновтің бастамасымен жастар саясатының жұмысын жандандыру мақсатында «Жастарға бағыт» жобасы жүзеге асты.

Аталмыш жоба аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының және Қазақстан Халқы Ассамблеясының жастары, аудандық Полиция, Төтенше жағдайлар басқармасы мен Мансап орталығының мамандары бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар атқаруда. Жаңа жоба аудан аумағындағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды қоғамдық ортаға тарту, құқықтық жауапкершілігін қадағалау, төтенше жағдайлар бойынша қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізуге және кәсіпкерлік әлеуеттерін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, сондай-ақ, әрбір ауылдық округте сенбілік тазалық шараларына қатысу тәрізді түрлі бағыттағы жұмыстарды қамтып келеді. Айта кетейік, аталған бағыттар бойынша ауданға қарасты 11 ауылдық округ елдімекен тұрғындарымен кездесу өткізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде, бекітілген кесте бойынша алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Сайрам ауданы халқының 32,3 пайызын жастар құрайды. Бүгінгі күнге дейін ауданда көптеген іс-шаралар өткізілсе, оған жастардың белсене атсалысып жүргенін айтуға болады. Жуырда аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Әділхан Төлегеновтің бастамасымен жастар саясатының жұмысын жандандыру мақсатында «Жастарға бағыт» жобасы жүзеге асты. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Аталмыш жоба аясында аудандық Жастар ресурстық орталығының және Қазақстан Халқы Ассамблеясының жастары, аудандық Полиция, Төтенше жағдайлар басқармасы мен Мансап орталығының мамандары бірлесе отырып, ауқымды жұмыстар атқаруда. Жаңа жоба аудан аумағындағы жастардың бос уақытын тиімді пайдалану, оларды қоғамдық ортаға тарту, құқықтық жауапкершілігін қадағалау, төтенше жағдайлар бойынша қауіпсіздік қағидаларын түсіндіру, жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізуге және кәсіпкерлік әлеуеттерін дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттау, сондай-ақ, әрбір ауылдық округте сенбілік тазалық шараларына қатысу тәрізді түрлі бағыттағы жұмыстарды қамтып келеді. Айта кетейік, аталған бағыттар бойынша ауданға қарасты 11 ауылдық округ елдімекен тұрғындарымен кездесу өткізу жоспарланған. Бұл өз кезегінде, бекітілген кесте бойынша алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар