ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА ЖОЛ БЕЛГІЛЕРІН ЖАҢАРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТЫР
Сайрам ауданында тұрғындардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларға қолайлы жағдай жасау мақсатында жол белгілерін қайта жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр.
Осы орайда, аудан елді мекендеріне қажетті жол белгілерін, жасанды жол кедергілерін орнатуға және жаяу жүргіншілер жолағын сызуға мемлекеттік сатып алу негізінде конкурс жарияланған. Нәтижесінде ауданға қарасты барлық ауылдық округтердегі жол белгілеріне қатысты жұмыстарды жүргізу үшін «Көрікті Сайрам» коммуналдық мекемесі жеңімпаз атанған.
Бүгінде мекеме жұмыскерлері жол белгілерін оқушылар көп өтетін орындар мен мектеп маңына және көлік көп жүретін көшелерге орналастыру жұмыстарын жүргізуде. Аталған жұмыстар «Жаяу жүргінші өткелі», «Назар аударыңыз, балалар», «Жылдамдықты шектеу» атауларымен қолға алынған. Сондай-ақ жаяу жүргінші өткелінің екі жағынан жасанды кедергі қойылып, «зебра» көлденең сызбасы сызылуда.
Жалпы 11 ауылдық округінде бүгінгі күнге дейін аудандық маңызы бар жалпы ұзындығы 140 км және ішкі жолдар 951 км бойына 360 жол белгісі орнатылып, жаяу жүргіншілер жолағы сызылды. Аталған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -