ТҮРКІСТАН: САЙРАМДЫҚ ЖАСТАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АКЦИЯДА МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАУҒА АТСАЛЫСТЫ
Сайрам ауданы аумағында Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері күніне орай «Көк тудың желбірегені» дәстүрлі жалпыұлттық акциясы өтті. Барша Сайрам ауданы тұрғындарын патриоттыққа және мемлекеттік рәміздерімізді құрметтеуге шақырған іс-шараға аудандық «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандары атсалысты.
Аталған акция барысында аймақтағы еңбектеген баладан бастап егде жастағы қарттарымызға көк байрақтарымыз таратылып берілді. Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін көпшілікке кеңінен насихаттау арқылы олардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, ұлттық нышандарына деген зор құрметпен, ұлттық рух тұрғысында ыстық ықыласпен қарауға, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулуға бағытталды.
Айта кетейік, тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері 1992 жылғы 4 маусымда алғаш рет бекітілді. Бүгінде еліміздің біртұтастығын бейнелейтін Мемлекеттік Ту, Мемлекеттік Елтаңба және Мемлекеттік Әнұранымыз егемендігіміздің ажырамас бөлігіне айналды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -