ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛУДЕ: Түркістан облысы, 13 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛУДЕ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ШЕШІЛУДЕ

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Самал-3» шағынауданына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-нің «Оңтүстікауызсу» филиалы, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Қалдыбаев қатысты. Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері

талқыланды. Көшпелі кездесуде аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын және сараптаманың қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылғанын жетікізіп, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар электр жарығы бойынша аудан басшысы «Самал-2» мөлтек ауданы, Мойынқұм көшесіне тартылған, сот шешіміне сәйкес иесіз болып танылған 1200 метрлік электр желісін ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне өткізу процедураларын шұғыл жүргізіп, бағаналар мен желілерді жаңарту жұмыстарына тиісті құжаттарды әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Самал-3» шағынауданына арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаттары, Сарыағаш қаласы әкімі аппаратының қызметкерлері, «Нұра топтық су құбыры» ШЖҚ РМК-нің «Оңтүстікауызсу» филиалы, «Сарыағаш ТСЖ» өндірістік бөлімшесінің басшысы Б.Қалдыбаев қатысты. Жиын барысында ауыз сумен, электр жарығымен қамтамасыз ету мәселелері <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>талқыланды. Көшпелі кездесуде аудан әкімі Арман Абдуллаев әрбір тұрғынды мұқият тыңдап, ауыз су мәселесін оңтайлы шешу мақсатында арнайы жобалаушы мекеме «Улмад» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатқанын және сараптаманың қорытындысын алу үшін тиісті жұмыстар атқарылғанын жетікізіп, аталған жұмыстар өзінің жіті бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар электр жарығы бойынша аудан басшысы «Самал-2» мөлтек ауданы, Мойынқұм көшесіне тартылған, сот шешіміне сәйкес иесіз болып танылған 1200 метрлік электр желісін ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің теңгеріміне өткізу процедураларын шұғыл жүргізіп, бағаналар мен желілерді жаңарту жұмыстарына тиісті құжаттарды әзірлеу жөнінде тапсырмалар берді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар