ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА АК-74 АВТОМАТЫН БӨЛШЕКТЕП ЖИНАҚТАУДАН ОБЛЫС БОЙЫНША РЕКОРДТЫҚ КӨРСЕТКІШ ОРНАТҚАН МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күні республика көлемінде мерекеленуде. Айтулы шара Сарыағаш ауданында да кең көлемде тойланды. Салтанатты шарада патриоттық рухта тәрбиеленіп келе жатқан жас буын өнерін ортаға салды.
Солардың бірі – Сарыағаш аудандық білім бөліміне қарасты №70 С. Байғозиев атындағы жалпы білім беретін мектебінің 10-сынып оқушысы Әсел Барат. АК-74 автоматын 11 секунд ішінде бөлшектеп, 24 секунд ішінде жинақтап көпшілікті таң-тамаша етті. Аудан әкімі арнайы алғыс хатын ұсынып, өңірде патриот жастардың өсіп келе жатқанын мақтан етті.
Айта кетейік, Әсел Барат халық қаһарманы С.Нұрмағамбетовтің 100 жылдығына орай өткізілген «Айбын – 2024» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының облыстық кезеңіне қатысып, қыздар арасында АК-74 қаруын бөлшектеп жинақтаудан Түркістан облысы бойынша рекордтық көрсеткіш орнатқан еді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -