ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ: Түркістан облысы, 02 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ҒАСЫР ЖАСАҒАН АНАЛАР ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай аудан әкімі Арман Абдуллаев ғасыр жасаған аналардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Алдымен Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол ауылының тұрғыны 104 жастағы Жадыра Кескенбаеваның үйіне барған аудан басшысы алтын құрсақты әжейді арнайы мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстап, сұхбаттасты. Жадыра Кескенбаева 7 ұл-қызды дүниеге әкеліп, қазіргі таңда 35

немере, 87 шөбере, 15 шөпшек сүйіп отыр. Одан кейін, аудан басшысы Сарыағаш қаласының тұрғыны, үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған 104 жастағы алтын құрсақты әжей Сәуле Сапарбаеваның шаңырағына барып, мерекемен құттықтап, ақ орамал жауып, арнайы сыйлықтар табыстады. Батыр ананың 11 ұл-қызынан 39 немере, 44 шөбере тараған. – Біз ең алдымен аналарымызды ардақтаймыз. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Ақ жаулықты аналарымыз қандай құрметке болсын лайықты. Әрқашан, шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйлеріңізден жылулық кетпесін. Жанұяларыңызға береке, бірлік тілеймін! – деді аудан басшысы. Батыр аналарымыз шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, жастық шақтарынан сыр шертті. Сондай-ақ ауданымыздың дамуы жолында жасалып жатқан жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
1 қазан – Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай аудан әкімі Арман Абдуллаев ғасыр жасаған аналардың шаңырақтарына арнайы барып, мерекемен құттықтады. Алдымен Құркелес ауылдық округі Нұрлы жол ауылының тұрғыны 104 жастағы Жадыра Кескенбаеваның үйіне барған аудан басшысы алтын құрсақты әжейді арнайы мерекемен құттықтап, сый-сияпат табыстап, сұхбаттасты. Жадыра Кескенбаева 7 ұл-қызды дүниеге әкеліп, қазіргі таңда 35 <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>немере, 87 шөбере, 15 шөпшек сүйіп отыр. Одан кейін, аудан басшысы Сарыағаш қаласының тұрғыны, үлкен әулеттің ұйытқысы болып отырған 104 жастағы алтын құрсақты әжей Сәуле Сапарбаеваның шаңырағына барып, мерекемен құттықтап, ақ орамал жауып, арнайы сыйлықтар табыстады. Батыр ананың 11 ұл-қызынан 39 немере, 44 шөбере тараған. – Біз ең алдымен аналарымызды ардақтаймыз. Сіздер өмірді нұрландырып, шаңыраққа шаттық нұрын себесіздер. Сіздердің қолдауларыңыз әркімнің жүрегінде сенімділік ұялатып, шуақ сыйлайды. Осы айрықша қасиеттеріңіз мәңгілік салтанат құрып, елге ырыс-құт дарысын. Ақ жаулықты аналарымыз қандай құрметке болсын лайықты. Әрқашан, шаңырақтарыңыздың берекесі болып, үйлеріңізден жылулық кетпесін. Жанұяларыңызға береке, бірлік тілеймін! – деді аудан басшысы. Батыр аналарымыз шаңырағына арнайы құттықтай келген аудан әкіміне ризашылықтарын білдіріп, жастық шақтарынан сыр шертті. Сондай-ақ ауданымыздың дамуы жолында жасалып жатқан жаңа бастамаларына сәттілік тілеп, ақ баталарын берді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар