ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ: Түркістан облысы, 19 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА ЖҮЗІМ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ БАҒЫТЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ

Сарыағаш ауданында жүзім шаруашылығын дамыту бойынша семинар-кеңес өтті. Оған аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, шаруалармен пікір алмасты. Семинар барысында аудан әкімі жүзім шаруашылығының маңыздылығына тоқталып өтті. -Кеңес дәуірінде ауданымызда жүзім шаруашылығы қарқынды дамып, шарап зауыттарының жұмысының нәтижесінде экономикаға айтарлық серпін беріліп келген. Бүгінгі таңда ауданда 627,9 га

жерде жүзім өсірілуде. Оның 379,0 га «Silk Alley» Винный завод» ЖШС қарасты шарап зауытына, ал 248,9 га ауданымыздағы ұсақ шаруашылықтарға тиесілі. Шикізаттың болмауына байланысты Жібек жолы ауылында орналасқан «Жетісу» ЖШС қарасты ірі шарап зауыты бүгінгі таңда жұмысын тоқтатып өз кезегінде ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Ауданымыздың топырағы мен ауа-райы жеміс-жидек пен жүзімнен мол өнім алуға қолайлы. Жоғары агротехникалық шараларды қолдану нәтижесінде сапасы дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.Қазіргі уақытта, ауданымызда ағын су жетіспеуіне байланысты игерілмей жатқан жерлерде тамшылатып суғару әдісін пайдалана отырып жүзім шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік мол,- деді Арман Абдуллаев. Сонымен қатар аудан басшысы дала семинары барысында қатысушылармен облыс әкімінің бастамасымен облыс аумағында жүзім шаруашылығын дамыту бағытында ағымдағы жылдың 7-8 қыркүйек күндері облыс делегациясының Өзбекстан Республикасы, Фергана облысына арнайы барып, жүзім шаруашылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары бойынша тәжірибе алмасқанын жеткізді. Арман Абдуллаев Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Ауыл аманаты» жобасы арқылы Дербісек, Қабланбек, Тегісшіл ауылдық округтерінде жүзім шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарды 2,5 % несиемен қамтуға болатындығын атап өтті. Аталған кеңес отырысына бірқатар шаруалар мен кәсіпкерлер қатысты. Семинар барысында әр шаруа өз тәжірибесімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Бүгінде «Сұңқар» ЖШС-не қарасты шарап зауыты, ауданда жүзімнің болмауына байланысты толық қуаттылығын пайдалана алмай отыр. Осыған байланысты Отырар, Түлкібас, Төлеби, Жетісай аудандарынан жүзім тасымалдануда. «Сұңқар»ЖШС шарап зауытының құрылтайшысы Д.Исабаев «Сұңқар»ЖШС шарап зауытының басшысы Н. Әліқұл шаруалардың өнімін алуға дайын екенін жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Сарыағаш ауданында жүзім шаруашылығын дамыту бойынша семинар-кеңес өтті. Оған аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы қатысып, шаруалармен пікір алмасты. Семинар барысында аудан әкімі жүзім шаруашылығының маңыздылығына тоқталып өтті. -Кеңес дәуірінде ауданымызда жүзім шаруашылығы қарқынды дамып, шарап зауыттарының жұмысының нәтижесінде экономикаға айтарлық серпін беріліп келген. Бүгінгі таңда ауданда 627,9 га <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>жерде жүзім өсірілуде. Оның 379,0 га «Silk Alley» Винный завод» ЖШС қарасты шарап зауытына, ал 248,9 га ауданымыздағы ұсақ шаруашылықтарға тиесілі. Шикізаттың болмауына байланысты Жібек жолы ауылында орналасқан «Жетісу» ЖШС қарасты ірі шарап зауыты бүгінгі таңда жұмысын тоқтатып өз кезегінде ауданымыздың әлеуметтік – экономикалық жағдайына кері әсерін тигізіп отыр. Ауданымыздың топырағы мен ауа-райы жеміс-жидек пен жүзімнен мол өнім алуға қолайлы. Жоғары агротехникалық шараларды қолдану нәтижесінде сапасы дүниежүзілік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіруге болады.Қазіргі уақытта, ауданымызда ағын су жетіспеуіне байланысты игерілмей жатқан жерлерде тамшылатып суғару әдісін пайдалана отырып жүзім шаруашылығын жүргізуге мүмкіндік мол,- деді Арман Абдуллаев. Сонымен қатар аудан басшысы дала семинары барысында қатысушылармен облыс әкімінің бастамасымен облыс аумағында жүзім шаруашылығын дамыту бағытында ағымдағы жылдың 7-8 қыркүйек күндері облыс делегациясының Өзбекстан Республикасы, Фергана облысына арнайы барып, жүзім шаруашылығын дамыту бойынша атқарылып жатқан жұмыстары бойынша тәжірибе алмасқанын жеткізді. Арман Абдуллаев Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Ауыл аманаты» жобасы арқылы Дербісек, Қабланбек, Тегісшіл ауылдық округтерінде жүзім шаруашылығымен айналысуға ниетті азаматтарды 2,5 % несиемен қамтуға болатындығын атап өтті. Аталған кеңес отырысына бірқатар шаруалар мен кәсіпкерлер қатысты. Семинар барысында әр шаруа өз тәжірибесімен бөлісіп, ойларын ортаға салды. Бүгінде «Сұңқар» ЖШС-не қарасты шарап зауыты, ауданда жүзімнің болмауына байланысты толық қуаттылығын пайдалана алмай отыр. Осыған байланысты Отырар, Түлкібас, Төлеби, Жетісай аудандарынан жүзім тасымалдануда. «Сұңқар»ЖШС шарап зауытының құрылтайшысы Д.Исабаев «Сұңқар»ЖШС шарап зауытының басшысы Н. Әліқұл шаруалардың өнімін алуға дайын екенін жеткізді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар