ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АҒЫН СУДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ: Түркістан облысы, 12 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АҒЫН СУДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АҒЫН СУДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АҒЫН СУДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АҒЫН СУДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА АҒЫН СУДЫ РЕТТЕУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Республикада суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі Түркістан өңірінің үлесінде. Сондықтан да ағын су мәселесі облыс шаруалары үшін маңызды саналады. Шардарада облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. – Облысымыздың оңтүстік өңірлерін ағын сумен қамтамасыз ету «Достық», «Зах», «Ханым» және «Үлкен Келес» трансшекаралық магистралды каналдарына тәуелді. Биыл сұранысқа сәйкес, ағын су

тұрақты босатылуда. Дегенмен тапшылық туындау тәуекелділігі жоғары. Сіздермен бірлесіп, туындаған мәселерді талқылау және оның шешімін табуға біз өз тарапымыздан ынталымыз. Осы орайда бірінші кезекте жұмысты Шардара ауданынан бастап жатырмыз. Келесі кезекте Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы «Қазсушар» мекемесі тарапынан туындаған мәселелерді толық қарайтын боламыз. «Ирригациялық дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы» құрылысының сапасын жұмысшы топ мүшелерімен құрылыс басына барып талқылауға дайынбыз, - деді облыс әкімінің орынбарасы. Күн тәртібінде шаруалар көтерген мәселелер қаралды. Оның ішінде ағын су тарифінің қымбаттауы, дақыл түрі бойынша суару нормалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Биыл «Қазсушар» РМК-ның ағын су тарифінің қымбаттауы және «Ирригациялық дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ПУИИД-2)» аясында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы бойынша Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарының АШТӨ-рі тарапынан бірқатар мәселелер түсті. Көтерілген өзекті мәселелердің оңды шешілуін қамтамасыз ету мақсатында, аталған одақтың бірлестік мүшелері аталған аудандардағы шаруалардың ұсынысы мен мәселесін зерделеу бойынша облыс көлемінде жұмысшы топ құрылды. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков баяндама жасап, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының міндетін атқарушы Жандарбек Бақашбаев өз кезегінде ағын суды беру нормалары, жобаның 2-кезеңі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады. Аталған кәсіпорынның бөлім басшысы Есен Керімбеков ағын судың тарифі жайлы сөз сөйледі. Жиын барысында жұмысшы топ өкілдеріне сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Бейсенбай Дәулетұлы мәжіліс соңында кезек күтірмейтін мәселерді қысқа мерзімде шешуіміз қажет деді. Оның қатарында АШТӨ-не тікелей ағын су жеткізу үшін, өндірістік кооперативтер қызметін жыл соңына дейін толық алып тастау, ауыл округтерінде суармалы жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу, аудан аумағындағы су нысандарын бір қолдан басқару мақсатында коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу, асу субсидиясын беру бойынша ауылдық округтерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ИДЖЖЖ-2 бағадарламасы аясында атқарылған жұмыстардың сапасыз және қалған бөлігіндегі жұмыстарға қаржы қарау үшін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне ұсыныс енгізу, сонымен қатар Су метрология мекемесімен каналдардағы су шығынын қайта есептеп, бекіту сынды міндеттер бар. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Республикада суармалы жерлердің төрттен бір бөлігі Түркістан өңірінің үлесінде. Сондықтан да ағын су мәселесі облыс шаруалары үшін маңызды саналады. Шардарада облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаевтың төрағалығымен мәжіліс өтті. – Облысымыздың оңтүстік өңірлерін ағын сумен қамтамасыз ету «Достық», «Зах», «Ханым» және «Үлкен Келес» трансшекаралық магистралды каналдарына тәуелді. Биыл сұранысқа сәйкес, ағын су <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>тұрақты босатылуда. Дегенмен тапшылық туындау тәуекелділігі жоғары. Сіздермен бірлесіп, туындаған мәселерді талқылау және оның шешімін табуға біз өз тарапымыздан ынталымыз. Осы орайда бірінші кезекте жұмысты Шардара ауданынан бастап жатырмыз. Келесі кезекте Жетісай және Мақтаарал аудандарындағы «Қазсушар» мекемесі тарапынан туындаған мәселелерді толық қарайтын боламыз. «Ирригациялық дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы» құрылысының сапасын жұмысшы топ мүшелерімен құрылыс басына барып талқылауға дайынбыз, - деді облыс әкімінің орынбарасы. Күн тәртібінде шаруалар көтерген мәселелер қаралды. Оның ішінде ағын су тарифінің қымбаттауы, дақыл түрі бойынша суару нормалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар талқыланды. Биыл «Қазсушар» РМК-ның ағын су тарифінің қымбаттауы және «Ирригациялық дренаждық жүйелерді жетілдіру жобасы (ПУИИД-2)» аясында атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы бойынша Мақтаарал, Жетісай және Шардара аудандарының АШТӨ-рі тарапынан бірқатар мәселелер түсті. Көтерілген өзекті мәселелердің оңды шешілуін қамтамасыз ету мақсатында, аталған одақтың бірлестік мүшелері аталған аудандардағы шаруалардың ұсынысы мен мәселесін зерделеу бойынша облыс көлемінде жұмысшы топ құрылды. Облыстық ауыл шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Ермұхаммед Құралбеков баяндама жасап, аудан аумағында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. «Казсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорны басшысының міндетін атқарушы Жандарбек Бақашбаев өз кезегінде ағын суды беру нормалары, жобаның 2-кезеңі бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды баяндады. Аталған кәсіпорынның бөлім басшысы Есен Керімбеков ағын судың тарифі жайлы сөз сөйледі. Жиын барысында жұмысшы топ өкілдеріне сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Бейсенбай Дәулетұлы мәжіліс соңында кезек күтірмейтін мәселерді қысқа мерзімде шешуіміз қажет деді. Оның қатарында АШТӨ-не тікелей ағын су жеткізу үшін, өндірістік кооперативтер қызметін жыл соңына дейін толық алып тастау, ауыл округтерінде суармалы жерлерді түгендеу жұмыстарын жүргізу, аудан аумағындағы су нысандарын бір қолдан басқару мақсатында коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өткізу, асу субсидиясын беру бойынша ауылдық округтерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ИДЖЖЖ-2 бағадарламасы аясында атқарылған жұмыстардың сапасыз және қалған бөлігіндегі жұмыстарға қаржы қарау үшін ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігіне ұсыныс енгізу, сонымен қатар Су метрология мекемесімен каналдардағы су шығынын қайта есептеп, бекіту сынды міндеттер бар. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар