ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ: Түркістан облысы, 31 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДАҒЫ ЖАУШЫҚҰМ АУЫЛЫНА ГАЗ БЕРІЛДІ

Жаушықұм ауылының 2485 тұрғыны «көгілдір отынмен» қамтылды. Айтулы күннің салтанатты шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, жаушықұмдықтардың қуанышын бөлісті. «Ең алдымен барша Жаушықұм ауылының тұрғындарын және газдандыру саласына атсалысқан бүкіл азаматтар мен қызметкерлерді құттықтаймын. Бүгінгі таңда, Шардара ауданы бойынша 10 елді мекен мен Шардара қаласындағы 10 шағынаудан табиғи газбен қамтамасыз

етілген. Оларда тұратын халық саны – 79 129 адам, аудан тұрғындарының 94% пайызын құрайды. Енді Жаушықұм елді мекеніндегі 2 485 тұрғын табиғи газ көзіне қосылып, жалпы аудан тұрғындарының табиғи газбен қамтылуы 97,1 пайызды құрайды. Сонымен қатар 2024 жылға жоба құны 49,0 млн теңгені құрайтын Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда. Қуанышты әрі жемісті күндеріміз көп болсын», деді А.Қарсыбаев. Сондай-ақ салтанатты шараға келген қонақтар мен ақсақалар қуаныштарын бөлісіп, салаға жауапты мамандарға алғыс білдірді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Жаушықұм ауылының 2485 тұрғыны «көгілдір отынмен» қамтылды. Айтулы күннің салтанатты шарасына аудан әкімі Арман Қарсыбаев арнайы қатысып, жаушықұмдықтардың қуанышын бөлісті. «Ең алдымен барша Жаушықұм ауылының тұрғындарын және газдандыру саласына атсалысқан бүкіл азаматтар мен қызметкерлерді құттықтаймын. Бүгінгі таңда, Шардара ауданы бойынша 10 елді мекен мен Шардара қаласындағы 10 шағынаудан табиғи газбен қамтамасыз <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>етілген. Оларда тұратын халық саны – 79 129 адам, аудан тұрғындарының 94% пайызын құрайды. Енді Жаушықұм елді мекеніндегі 2 485 тұрғын табиғи газ көзіне қосылып, жалпы аудан тұрғындарының табиғи газбен қамтылуы 97,1 пайызды құрайды. Сонымен қатар 2024 жылға жоба құны 49,0 млн теңгені құрайтын Қ.Тұрысбеков ауылдық округі, Ақберді елді мекенін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін облыстық бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу шаралары ұйымдастырылуда. Қуанышты әрі жемісті күндеріміз көп болсын», деді А.Қарсыбаев. Сондай-ақ салтанатты шараға келген қонақтар мен ақсақалар қуаныштарын бөлісіп, салаға жауапты мамандарға алғыс білдірді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар