ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАДА ЖАСТАР СЛЕТІ ӨТІП ЖАТЫР
Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру, республикалық, облыстық сайыстарға шыңдау мақсатында облыстық «Жастар слеті: Тәжірибе алмасу алаңы” атты жастар слетінің ашылу салтанаты өтті.
Шараның салтанатты ашылуына Шардара ауданы әкімінің орынбасары Шомпиев Бауыржан мен Түркістан облысы тергеп тексеру департаментінің аға офицері Қарсыбай Гүлзия, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Бектаев Ернар, жастар ұйымдарының басшылары, облыс, аудан, қаладан келген жастар орталғының қызметкерлері, ерікті жастар қатысты.
Аталған шараға қазіргі таңда 200-ге жуық жас қатысы жатыр. Олар Шардара ауданының тарихы көрсетілген көрмені тамашалап, жастардың денсаулығын жақсарту, спортқа деген қызығушылықтарын оятып, шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке, салауатты өмір салтына тарту мақсатында командалық 4 кезеңнен тұратын эстафеталық сайысқа қатысып, құмнан қалашық тұрғызды.
«Командамызбен бірге әр кезеңнен сүрінбей өтуге тырыстық. Қатысушылардың жеңіске деген ынтасын көріп, біз де жігерлене түстік. Осындай жастардың бірлігін нығайтатын сайыстар көбірек болса деген ойдамын. Жарыстар өте қызықты өтуде, – деді сайысқа Мақтаарал ауданынан келген қатысушы Жасұзақов Есімхан.
Қатысуышылар «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында плоггинг өткізеді.
Айта кетейік, жастар слетінде «Лудомания – қоғам дерті» атты семинар-тренинг өтті. Семинар-тренингте мамандар баяндама жасап, жастарды лудоманиядан аулақ болуға шақырды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -