ТҮРКІСТАН: ШЕКАРА МАҢЫН РЕТКЕ КЕЛТІРУ ЖОБАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетін ретке келтіру бойынша жауапты сала басшыларымен кездесті. Бұл бағытта кезең-кезеңімен ауқымды жұмыстар жүзеге аспақ. Жиналыста осы мақсатта жүзеге асырылатын Түркістан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жобасы жан-жақты зерделенді.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағымы және жүк көліктері қозғалысы үшін аса маңызды бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Шекара аймағындағы инфрақұрылымды, автотұрақтарды реттеу, қызмет көрету орындарын реттеу, жолаушылар мен тұрғындарға қолайлы жағдай жасау, көгалдандыру, санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын ретке келтіру, бағытында жұмыстар жалғасады.
Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекеті - тек Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі кеден бекеттерінің бірі саналады. Күн сайын шекарадан 40 мыңға дейін жолаушы, 1200 жеңіл автомобиль және автобус өтеді. Өткізу пунктінің есептік өткізу қабілеті тәулігіне 17 500 адамды құраса, адамдардың нақты ағыны 2,5 еседен асады. Өткен жылы өткізу пункті арқылы 8 млн адам өткен.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -