ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ЖАЛҒАСУДА: Түркістан облысы, 09 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ЖАЛҒАСУДА

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚ АУДАНЫНЫҢ МӘДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ЖАЛҒАСУДА

«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивальі аясында Түркістан төрінде Созақ ауданының мәдениет күндері жалғасуда. Бұған дейін «Этноауыл» аумағында ұлттық дәстүріміз бен спортымыз ұлықталса, бүгін салт-дәстүрлерге байланысты көріністер, ұлттық тағамдар мен қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардан және аудандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. «Теріскей – таланттар мекені» атты аудандық «Мыңжылқы» мәдениет

сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы, «Қырық өтірік» тақырыбында көше театры стиліндегі көрініс-қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Аудан өнерпаздары және эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтіп, түркі әлемінің рухани астанасы әсем әнмен тербелді. Мерекелік шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі әншілері мен «Әзіл әлемі» театрының актері Аманғали Спабеков, танымал эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Бағдат пен Дима және RIO тобы өз өнерлерін паш етіп, мыңбұралған бишілер көпшіліктің қошеметіне бөленді. Шараны «Байдың балалары» жайдарман тобының капитаны Нұрым Досбол және жайдарманшы Жанболат Досбол жүргізіп, мерекелік кештің ажарын аша түсті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
«Өнерлі өлке» облыстық өнер фестивальі аясында Түркістан төрінде Созақ ауданының мәдениет күндері жалғасуда. Бұған дейін «Этноауыл» аумағында ұлттық дәстүріміз бен спортымыз ұлықталса, бүгін салт-дәстүрлерге байланысты көріністер, ұлттық тағамдар мен қолөнер шеберлері жасаған бұйымдардан және аудандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. «Теріскей – таланттар мекені» атты аудандық «Мыңжылқы» мәдениет <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>сарайы өнерпаздарының концерттік бағдарламасы, «Қырық өтірік» тақырыбында көше театры стиліндегі көрініс-қойылым көпшілік назарына ұсынылды. Аудан өнерпаздары және эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтіп, түркі әлемінің рухани астанасы әсем әнмен тербелді. Мерекелік шара әрі қарай концерттік бағдарламаға ұласты. Аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйі әншілері мен «Әзіл әлемі» театрының актері Аманғали Спабеков, танымал эстрада жұлдыздары Зарина Омарова, Бағдат пен Дима және RIO тобы өз өнерлерін паш етіп, мыңбұралған бишілер көпшіліктің қошеметіне бөленді. Шараны «Байдың балалары» жайдарман тобының капитаны Нұрым Досбол және жайдарманшы Жанболат Досбол жүргізіп, мерекелік кештің ажарын аша түсті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар