ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ: Түркістан облысы, 10 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

ТҮРКІСТАН: СОЗАҚТА СҰЛТАНБЕК ҚОЖАНОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫ АТАЛЫП ӨТУДЕ

Биыл қазақтың ардақты ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілуде. Бүгін Созақ ауданында Алаш қайраткерінің мерейтойына арналған мазмұнды жиын бастау алды. Тағылымды іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан

педагогикалық университеті ректоры Гүлжан Сүгірбаева, Бейбіт Қойшыбаев, Дандай Ысқақұлы, Тұрсын Хазіретәлі бастаған қожановтанушы ғалымдар, немересі Санжар Қожанов, көршілес Өзбекстан және еліміздің әр өңірінен келген делегация мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен іс-шараға қатысушылар Шолаққорған ауылындағы Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа тұлғаның ерен еңбегін кеңінен таныту қажет деп атап өтті. Содан соң қайраткердің атындағы аудандық Созақ аудандық тарихи-өлкетану музейіне кіріп, сондағы құнды жәдігерлермен танысты. Тұлға жайлы бейнетуынды көрсетілді. Әрі қарай «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. – Бүгін Созақ өңірінде ғибратқа толы кеш бастау алып жатыр. Ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен біртуар жанның мерейтойына арналған конференцияға қош келдіңіздер! Қазақтың маңдайына біткен тұлғаның қазақтың ұлт болып ұйысуына қосқан еңбегі ұшан теңіз. Сұлтанбек көшбасшылар салып берген дара жолды өскелең жас ұрпаққа насихаттап, рухани құндылықтарын дарытуда аянбай еңбек етуіміз қажет деп білемін. Оның дара жолын жалғап, насихат жұмыстары бұдан да әрмен қарай толыға берсін деп тілеймін. Арнайы қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деген Бейсенбай Дәулетұлы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын табыстады. Ғылыми конференцияға ф.ғ.к, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доценті Нариман Нұрпейісов модератор болды. Ғалымдар баяндама жасап, алдағы уақытта тұлғаны танытуға баса назар аудару керек деді. Жиын барысында «Қожановтану әлемі» кітабының және «Рух» атты көркем-публицистикалық журналдың тұсауы кесілді. Жаңа басылым қайраткердің мерейтойына және аудандық музейдің құрылғанына 30 жыл толуына орай жарық көріп отыр. Танымал тарихшы ғалымдар, жергілікті қожановтанушылардың зерттеу еңбектері, созақтық ақындардың арнау жырлары, туыстарының естеліктері, ауданның байырғы басшыларының мақалалары тарихи фотолармен әрленіп, журналдың мән-мағынасын ашуға ықпал еткен. Жинақтаушы-редакторы – ақын, журналист Гүлнәр Өмірбек. Тілші – Мақсат Қарғабай. Сұлтанбек Қожанов – қазақ халқының бағына жаралған нағыз адал перзенті. Ол көрген азап пен нәубеттер егемендік шаққа бет алған мұзжарғыш кемедей тарихта өз жылнамаларын қалдырды. 20-ғасырдағы Қазақстан мен орталық Азияның көрнекті қоғам қайраткері. Ұстаз, ғалым, публицист қай салада болса да, бірінші кезекте ойланғаны ұлттық мүдде еді. Ол үшін ымырасыз күресті. Еңбекшіл халқымен жақсы байланыс ұстап, экономикалық, әлеуметтік мәдениет мәселелерін шешуге бар күшін салған тұлға білімділігі мен қайсарлығы арқылы 30 жасында халық көсемі бола білді. 1918 жылы Түркістандағы ашаршылықпен күрес жөніндегі комиссияны басқарды. Айта кетейік, екі күнге жоспарланған іс-шара әрі қарай туған ауылы Ақсүмбеде жалғасады. Арнайы дайындалған концерттер, гүл шоғын қою рәсімі, ақындар айтысы секілді іс-шаралармен толыға түспек. Мәдени көпшілік шараның мақсаты – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист С. Қожановтың өнегелі өмірін насихаттау. Ұйымдастырушылар – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Созақ ауданының әкімдігі, Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы орта мектебі. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Биыл қазақтың ардақты ұлы, мемлекет және қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожановтың туғанына 130 жыл. Осыған орай еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі деңгейдегі іс-шаралар өткізілуде. Бүгін Созақ ауданында Алаш қайраткерінің мерейтойына арналған мазмұнды жиын бастау алды. Тағылымды іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев, аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>педагогикалық университеті ректоры Гүлжан Сүгірбаева, Бейбіт Қойшыбаев, Дандай Ысқақұлы, Тұрсын Хазіретәлі бастаған қожановтанушы ғалымдар, немересі Санжар Қожанов, көршілес Өзбекстан және еліміздің әр өңірінен келген делегация мен жергілікті зиялы қауым өкілдері қатысты. Алдымен іс-шараға қатысушылар Шолаққорған ауылындағы Сұлтанбек Қожановтың ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Аудан әкімі Мұхит Сексенбайұлы сөз сөйлеп, өскелең ұрпаққа тұлғаның ерен еңбегін кеңінен таныту қажет деп атап өтті. Содан соң қайраткердің атындағы аудандық Созақ аудандық тарихи-өлкетану музейіне кіріп, сондағы құнды жәдігерлермен танысты. Тұлға жайлы бейнетуынды көрсетілді. Әрі қарай «Мыңжылқы» мәдениет сарайында «Ұлтын сүйген ұлы тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияға ұласты. – Бүгін Созақ өңірінде ғибратқа толы кеш бастау алып жатыр. Ұлтқа қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен біртуар жанның мерейтойына арналған конференцияға қош келдіңіздер! Қазақтың маңдайына біткен тұлғаның қазақтың ұлт болып ұйысуына қосқан еңбегі ұшан теңіз. Сұлтанбек көшбасшылар салып берген дара жолды өскелең жас ұрпаққа насихаттап, рухани құндылықтарын дарытуда аянбай еңбек етуіміз қажет деп білемін. Оның дара жолын жалғап, насихат жұмыстары бұдан да әрмен қарай толыға берсін деп тілеймін. Арнайы қатысып отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деген Бейсенбай Дәулетұлы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының құттықтау хатын табыстады. Ғылыми конференцияға ф.ғ.к, Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің доценті Нариман Нұрпейісов модератор болды. Ғалымдар баяндама жасап, алдағы уақытта тұлғаны танытуға баса назар аудару керек деді. Жиын барысында «Қожановтану әлемі» кітабының және «Рух» атты көркем-публицистикалық журналдың тұсауы кесілді. Жаңа басылым қайраткердің мерейтойына және аудандық музейдің құрылғанына 30 жыл толуына орай жарық көріп отыр. Танымал тарихшы ғалымдар, жергілікті қожановтанушылардың зерттеу еңбектері, созақтық ақындардың арнау жырлары, туыстарының естеліктері, ауданның байырғы басшыларының мақалалары тарихи фотолармен әрленіп, журналдың мән-мағынасын ашуға ықпал еткен. Жинақтаушы-редакторы – ақын, журналист Гүлнәр Өмірбек. Тілші – Мақсат Қарғабай. Сұлтанбек Қожанов – қазақ халқының бағына жаралған нағыз адал перзенті. Ол көрген азап пен нәубеттер егемендік шаққа бет алған мұзжарғыш кемедей тарихта өз жылнамаларын қалдырды. 20-ғасырдағы Қазақстан мен орталық Азияның көрнекті қоғам қайраткері. Ұстаз, ғалым, публицист қай салада болса да, бірінші кезекте ойланғаны ұлттық мүдде еді. Ол үшін ымырасыз күресті. Еңбекшіл халқымен жақсы байланыс ұстап, экономикалық, әлеуметтік мәдениет мәселелерін шешуге бар күшін салған тұлға білімділігі мен қайсарлығы арқылы 30 жасында халық көсемі бола білді. 1918 жылы Түркістандағы ашаршылықпен күрес жөніндегі комиссияны басқарды. Айта кетейік, екі күнге жоспарланған іс-шара әрі қарай туған ауылы Ақсүмбеде жалғасады. Арнайы дайындалған концерттер, гүл шоғын қою рәсімі, ақындар айтысы секілді іс-шаралармен толыға түспек. Мәдени көпшілік шараның мақсаты – мемлекет және қоғам қайраткері, ұстаз, ғалым, публицист С. Қожановтың өнегелі өмірін насихаттау. Ұйымдастырушылар – Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті, Созақ ауданының әкімдігі, Сұлтанбек Қожанов атындағы жалпы орта мектебі. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар