ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ: Түркістан облысы, 23 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА КӨПІР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округіндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпір ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Қаратөбе, Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындары көктем айларында Балдыберек өзенінің тасуы кезінде жол қатынасы тұрғысында көптеген қиындықтарға кездесетін. Сондықтан да бұл мәселе бірнеше жылдардан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан еді. Халықтың сұранысымен көпірдің

құрылыс жұмыстары басталып, 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Мердігер мекеменің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысын аяқталмай, ол бес жыл көлемінде шешімін күткен мәселенің біріне айналды. Кейіннен аудан әкімдігінің аудандық мәслихатпен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Қостөбе елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын мердігер «ABC Group KZ» ЖШС жүргізді. Жоба құны – 38 311,0 мың теңге. Екі елді мекенді байланыстырған қатынас құралының құрылыс жұмыстарын бақылаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит Төлеби ауданы арнайы іссапармен келді. Пайдалануға берілген көпірдің жай-күйімен танысып, халықтың көптен күткен қуанышына ортақтасып, тұрғындармен тілдесті. Ауыл тұрғындарының атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділ Оразов сөз алып, ризашылығын білдірді. «Ұзақ жылдан бері осы мәселені көтеріп келдік. Міне, бүгін көптен күткен арманымыз орындалып отыр» деді зейнеткер. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Төлеби ауданы, Қаратөбе ауылдық округіндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпір ел игілігіне пайдалануға берілді. Аудан орталығынан шалғай орналасқан Қаратөбе, Қостөбе ауылдық округтерінің тұрғындары көктем айларында Балдыберек өзенінің тасуы кезінде жол қатынасы тұрғысында көптеген қиындықтарға кездесетін. Сондықтан да бұл мәселе бірнеше жылдардан бері күн тәртібінен түспей келе жатқан еді. Халықтың сұранысымен көпірдің <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>құрылыс жұмыстары басталып, 2019 жылы пайдалануға беру жоспарланған болатын. Мердігер мекеменің жауапсыздығы салдарынан көпір құрылысын аяқталмай, ол бес жыл көлемінде шешімін күткен мәселенің біріне айналды. Кейіннен аудан әкімдігінің аудандық мәслихатпен бірлесе атқарған жұмысының нәтижесінде Қостөбе елді мекеніндегі Балдыберек өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылыс жұмыстарын мердігер «ABC Group KZ» ЖШС жүргізді. Жоба құны – 38 311,0 мың теңге. Екі елді мекенді байланыстырған қатынас құралының құрылыс жұмыстарын бақылаған ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасы басшысының орынбасары Әсілбек Сәбит Төлеби ауданы арнайы іссапармен келді. Пайдалануға берілген көпірдің жай-күйімен танысып, халықтың көптен күткен қуанышына ортақтасып, тұрғындармен тілдесті. Ауыл тұрғындарының атынан ардагерлер кеңесінің төрағасы Әділ Оразов сөз алып, ризашылығын білдірді. «Ұзақ жылдан бері осы мәселені көтеріп келдік. Міне, бүгін көптен күткен арманымыз орындалып отыр» деді зейнеткер. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар