ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИ АУДАНЫНЫҢ ЖАҢА ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ
Төлеби ауданының жаңа әкімі Еркеғали Әлімқұлов жұмысын ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен танысудан бастады. Тұрғындардың жиі көтеріп жүрген баспана мәселесіне назар аударып, ең бірінші, іссапармен Леңгір қаласы Үміт көшесіндегі 5 қабатты 120 пәтерлі 2 тұрғын үй алаңына арнайы барды.
Бұл көпқабатты екі тұрғын үй жеке инвесторлар есебінен халықтың әлеуметтік осал топтары және аз қамтылған көпбалалы отбасылары, бюджеттік мекеме қызметкерлері үшін салынуда.
Аудан басшысы Еркеғали Амантайұлы мердігер мекеме өкілдерімен пікірлесіп, нысанның құрылысымен танысты.
Азаматтарды тұрғын үйлермен қамтамасыз ету мақсатындағы 5 қабатты 2 тұрғын үйде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Заманауи тұрғын үй нысанын жыл соңында пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Аудан әкімі мердігер мекеме өкілдеріне құрылыс жұмыстары сапалы жүргізіліп, көрсетілген мерзімде аяқталып, ел игілігіне пайдалану берілу қажеттігін ескертті. Жауаптыларға сапасы мен жұмыс қарқынын қадағалауды тапсырды.
Айта кетейік, қазіргі таңда Леңгір қаласы Қапал батыр көшесі бойында 5 қабатты 3 үйдің құрылысы басталған. «Vek Stroy Com» ЖШС мердігер мекемесі 60 пәтерлі және 48 пәтерлі, мердігер мекеме: «МОЛШЫЛЫҚ» ЖШС -і 48 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2025 жылға өтпелі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -