ТҮРКІСТАН: ТӨЛЕБИДЕ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАРЫС БАСТАЛДЫ
Төлеби ауданы Ленгір қаласындағы Спорт кешенінде 26 маусым «Нашақорлық қарсы күрес» күніне орай, Төлеби ауданы әкімінің кубогы үшін дзюдо күресінен республикалық жарыс басталды.
Маусым айының 13-16 күндеріне жоспарланған спорттық сайысқа Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Түркістан облысының барлық аудандарынан 30 команда, 500-ге жуық спортшы қатысуда.
Ауқымы кең байрақты бәсекеге қатысушы жасөспірімдерге Төлеби ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әуесбек Әсілбек сәттілік тілей отыра, спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше екенін, дене шынықтыруға ден қойғандардың көңіл-күйі, денсаулығы мықты, әрі шыдамды болатынын жеткізді.
Айта кетейік, аудан тұрғындарының спортпен тұрақты түрде шұғылдануына ықпал жасау және ұлтаралық қатынастарды нығайту мақсатында қазірдің өзінде 206 спорттық нысан жұмыс істейді. Байрақты бәсекеде жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандарға арнайы тағайындалған алғыс хаттар мен медальдар тапсырылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -