ТҮРКІСТАН : "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ІС-ШАРАСЫНДА 23,5 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН: Түркістан облысы, 12 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН : "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ІС-ШАРАСЫНДА 23,5 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

ТҮРКІСТАН :

ТҮРКІСТАН : "ТАЗА ҚАЗАҚСТАН" ІС-ШАРАСЫНДА 23,5 МЫҢНАН АСТАМ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ АНЫҚТАЛҒАН

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен, облыс аумағында қоршаған ортаны көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды жандандыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған "Таза Қазақстан" бағдарламасы жалғасып келеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысы ПД-нің аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері

белгіленбеген жерлерде қоқыс шығару фактілерін анықтау, полигондардан тыс сұйық қалдықтардың төгілуін болдырмау, абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 14315 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны және жасыл желектерді бүлдіргені үшін 5337 адамға ескерту жасалды, ал 230 адамға қатысты айыппұл салынды. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының зақымдану фактісі бойынша 3777 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары құзыретті мемлекеттік органдармен және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, халық арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау және анықтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды мен Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен, облыс аумағында қоршаған ортаны көгалдандыру және абаттандыру жөніндегі іс-шараларды жандандыруға, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың жолын кесуге бағытталған "Таза Қазақстан" бағдарламасы жалғасып келеді. Бүгінгі таңда Түркістан облысы ПД-нің аудандық полиция бөлімдерінің қызметкерлері <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>белгіленбеген жерлерде қоқыс шығару фактілерін анықтау, полигондардан тыс сұйық қалдықтардың төгілуін болдырмау, абаттандыру ережелерін бұзудың алдын алу бойынша жұмыстар жүргізуде. "Таза Қазақстан" бағдарламасы аясында жалпы пайдалану орындарын ластағаны үшін 14315 адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Абаттандыру ережелерін бұзғаны және жасыл желектерді бүлдіргені үшін 5337 адамға ескерту жасалды, ал 230 адамға қатысты айыппұл салынды. Жолдардың, теміржол өтпелерінің және басқа да жол құрылыстарының зақымдану фактісі бойынша 3777 құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды. Бұдан бөлек тәртіп сақшылары құзыретті мемлекеттік органдармен және қоғамдық көмекшілермен бірлесіп, халық арасында әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау және анықтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Аймақтағы жаңалықтар