ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ: Түркістан облысы, 03 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ ЖҰМЫСЫ ЖАНДАНАДЫ

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барды. Аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге «Жібек жолы» кеден бекетін аралап, жауапты сала басшыларымен және Өзбекстан Республикасының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екі мемлекеттің уәкілетті органдары шекараға келген автобустардың кезексіз өтуі, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, өткізу пунктін ретке келтіру

бағытындағы жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстаннан кіру пунктінен тұрақты халықаралық бағыттар үшін автобус жолағын құру, құжаттық бақылауды автоматтандыру туралы ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта көлік жолаушылары ортақ зал арқылы өтуде. Сондықтан «Жасыл дәліз» арқылы жолаушылардың көлікпен бірге шекара асуы қарастырылуда. Сонымен қатар екі ел шекарасынан өтетін жолаушылар ағымының көптігіне байланысты шекара қызметі офицерлерінің саны артпақ. Осы ретте, тасымалдаушылардың бірыңғай электрондық деректер базасы құрылады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағымы және жүк көліктері қозғалысы үшін аса маңызды бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекеті - Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасында ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі кеден бекеттерінің бірі. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барды. Аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге «Жібек жолы» кеден бекетін аралап, жауапты сала басшыларымен және Өзбекстан Республикасының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында екі мемлекеттің уәкілетті органдары шекараға келген автобустардың кезексіз өтуі, жолаушыларға қолайлы жағдай жасау, өткізу пунктін ретке келтіру <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>бағытындағы жұмыстарды талқылады. Сондай-ақ, Қазақстан мен Өзбекстаннан кіру пунктінен тұрақты халықаралық бағыттар үшін автобус жолағын құру, құжаттық бақылауды автоматтандыру туралы ұсыныстар айтылып, тапсырмалар берілді. Қазіргі уақытта көлік жолаушылары ортақ зал арқылы өтуде. Сондықтан «Жасыл дәліз» арқылы жолаушылардың көлікпен бірге шекара асуы қарастырылуда. Сонымен қатар екі ел шекарасынан өтетін жолаушылар ағымының көптігіне байланысты шекара қызметі офицерлерінің саны артпақ. Осы ретте, тасымалдаушылардың бірыңғай электрондық деректер базасы құрылады. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағымы және жүк көліктері қозғалысы үшін аса маңызды бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Айта кетейік, Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекеті - Қазақстан мен Өзбекстан елдері арасында ғана емес, Орта Азиядағы ең ірі кеден бекеттерінің бірі. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар