ТҮРКІСТАН: ЖАРТЫ ЖЫЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 216,9 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ: Түркістан облысы, 24 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖАРТЫ ЖЫЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 216,9 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЖАРТЫ ЖЫЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 216,9 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЖАРТЫ ЖЫЛДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫНДА 216,9 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ӨНІМІ ӨНДІРІЛДІ

Түркістан облысының қолайлы ауа-райы ауыл шарушашылығы өнімдерін жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Өңір халқы да ауыл шаруағашылығына машықтанған. 2024 жылдың 6 айдағы көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. Түркістан облысында жыл басынан бері өнім көлемі 216,9 млрд теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жетті. Бұл – республикада жоғарғы көрсеткіш. 578,5 мың тонна ет және сүт өнімі

жиналды. Нәтижесінде мал шаруашылығының өнім көлемі 171,2 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% көрсетті. Оның ішінде, 139% – Сайрам ауданының, 132% – Қазығұрт ауданының, 125% – Кентау қаласының үлесінде. Облысқа қарасты елді мекендерде егін алқаптарының аумағы ұлғайып келеді. Өнім көлемі де артқан. Биыл 23,6 мың тонна бидай, арпа және бақша өнімі жиналды (105,5%). Егін шаруашылығының көлемі 41,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 109%-ға артты. Оның ішінде, Бәйдібек ауданында өсім қарғыны 11,6 есе артса, Қазығұртта – 117%, Шардарада – 112,2%-ға жетті. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды кезекті мәжілісте жауапты сала басшысы мен аудан, қала әкімдеріне өнімділікті арттыруды тапсырды. Кемшіліктерге жол бермеуді, жаңа технологияларды ендіру бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда. Өңірде егін алқаптарына су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстарынан бөлек, осы технологияларды шығару қолға алынған. Атап айтқанда, Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ашылуда. Жыл басында «BNK Group LTD» ЖШС-нің «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды. Бұдан бөлек, тамшылатып суғару жүйесін шығаратын 2 кәсіпорынды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысының қолайлы ауа-райы ауыл шарушашылығы өнімдерін жыл бойы өсіруге мүмкіндік береді. Өңір халқы да ауыл шаруағашылығына машықтанған. 2024 жылдың 6 айдағы көрсеткіші бойынша ауыл шаруашылығы саласында оң өсім байқалады. Түркістан облысында жыл басынан бері өнім көлемі 216,9 млрд теңгені құрап, өсім 107,1%-ға жетті. Бұл – республикада жоғарғы көрсеткіш. 578,5 мың тонна ет және сүт өнімі <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>жиналды. Нәтижесінде мал шаруашылығының өнім көлемі 171,2 млрд теңгені құрап, өсім 106,9% көрсетті. Оның ішінде, 139% – Сайрам ауданының, 132% – Қазығұрт ауданының, 125% – Кентау қаласының үлесінде. Облысқа қарасты елді мекендерде егін алқаптарының аумағы ұлғайып келеді. Өнім көлемі де артқан. Биыл 23,6 мың тонна бидай, арпа және бақша өнімі жиналды (105,5%). Егін шаруашылығының көлемі 41,4 млрд теңгеге жетіп, өсім қарқыны 109%-ға артты. Оның ішінде, Бәйдібек ауданында өсім қарғыны 11,6 есе артса, Қазығұртта – 117%, Шардарада – 112,2%-ға жетті. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды кезекті мәжілісте жауапты сала басшысы мен аудан, қала әкімдеріне өнімділікті арттыруды тапсырды. Кемшіліктерге жол бермеуді, жаңа технологияларды ендіру бойынша жұмысты күшейтуді жүктеді. Айта кетейік, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде ауыл шаруашылығында су үнемдеу әдістері мен технологияларына кешенді көшу шаралары қабылдануда. Өңірде егін алқаптарына су үнемдеу технологиясын ендіру жұмыстарынан бөлек, осы технологияларды шығару қолға алынған. Атап айтқанда, Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын шығаратын жергілікті кәсіпорындар ашылуда. Жыл басында «BNK Group LTD» ЖШС-нің «Жылына 1000 дана жаңбырлатып суғару машиналарын шығару» зауыты іске қосылды. Бұдан бөлек, тамшылатып суғару жүйесін шығаратын 2 кәсіпорынды іске қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар