ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА 8 МЫҢ КӨШЕТ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ
Жетісай ауданын да ауқымды сенбілік өтті. Аудан әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасына сәйкес қала, кент, ауылдық округтерде 2 мың адамның қатысуымен санитарлық тазалық пен жол бойындағы ағаштарды әктеп, бұтау, көшет отырғызу сынды ретке келтіру жұмыстары жүргізілді.
Түркістан облысының елді мекендерін көгалдандырудың 2022-2024 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сәйкес Жетісай ауданы бойынша 28,15 га жерге биыл 23 730 дана ағаш отырғызу жоспарланса, келесі жылы тағы 25 мыңға жуық түрлі декоративті ағаштарды көшеттерін егу жоспарланып отыр. Бүгін аталмыш көшеттердің 8 мың данасы егілді. Елді мекен ішілік жолдардың бойлары тазартылып, жасыл желеңге айналдыру мақсатында отырғызылған көшеттерді күтіп-баптау жұмыстары тұрғындарға түсіндіріліп, мамандар табиғатты аялауға шақырды.
Айта кетейік, аталмыш көшеттерге жергілікті қазынадан қаржы қаралмаған. Демеушілер мен аудан аумағындағы көшет-бақ саябақтарынан алынып отыр.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -