ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АЛҒАШҚЫ ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРІЛДІ: Түркістан облысы, 12 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АЛҒАШҚЫ ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АЛҒАШҚЫ ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРІЛДІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА АЛҒАШҚЫ ҚАРБЫЗ РЕСЕЙГЕ ЖІБЕРІЛДІ

Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді. Биылғы жылы да қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен. Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп жетілген қарбыздан ойдағыдай өнім алынады деп жоспарланып отыр. Ағын суды үнемдеу мақсатында

енгізілген тамшылатып суғару әдісі өнімнің артуына да септігін тигізіп отыр. – Алғашқы өнімді қазір Ресейге жіберіп жатырмыз. Кейін сұранысқа қарай өзге де өңірлерге жібереміз. Жылдағыдан шығын көп болғанымен бағасы да ойдағыдай, келісін 150-170 теңге аралығында сатып жатырмыз. Тамшылатып суғару әдісін қолданатындықтан ағын судан, минералды тыңайтқыштардан қиындық көрмедік. Өнімділік те ойдағыдай, – дейді шаруа қожалық төрағасы Асан Мубинов. Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың гектар жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар жерге жоңышқа дақылын еккен. Аудандағы 20,1 мың гектарға егілген бақша дақылдарының 4 мың гектары қарбыз. Биылғы жылы 600 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр. Былтырғы жылы да бақша дақылдарынан ойдағыдай өнім алынып, облыста үздіктердің қатарынан көрінді. Айта кетейік, «Павел» шаруа қожалығы иелігіндегі егістік алқаптарына қарбыздан бөлек баклажан мен болгар бұрышын, қызанақ сынды бақша өнімдерін егіп, жергілікті тұтынушыларға тиімді бағада сатуда. Жылыжай жұмысын да дұрыс жолға қойған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Жетісай ауданына қарасты Атамекен ауылдық округіндегі «Павел» шаруа қожалығы өзінің иелігіндегі 9 гектар егістікке 20 жылдан бері бақша дақылдарын егіп келеді. Биылғы жылы да қарбыздың ерекше күтімді қажет ететін «Виктория» сортын сәуір айының басында еккен. Қажетті агротехникалық шаралардың дер кезінде жасалуының нәтижесінде пісіп жетілген қарбыздан ойдағыдай өнім алынады деп жоспарланып отыр. Ағын суды үнемдеу мақсатында <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>енгізілген тамшылатып суғару әдісі өнімнің артуына да септігін тигізіп отыр. – Алғашқы өнімді қазір Ресейге жіберіп жатырмыз. Кейін сұранысқа қарай өзге де өңірлерге жібереміз. Жылдағыдан шығын көп болғанымен бағасы да ойдағыдай, келісін 150-170 теңге аралығында сатып жатырмыз. Тамшылатып суғару әдісін қолданатындықтан ағын судан, минералды тыңайтқыштардан қиындық көрмедік. Өнімділік те ойдағыдай, – дейді шаруа қожалық төрағасы Асан Мубинов. Жетісайлық шаруалар биылғы жылы 79,3 мың гектар суармалы жердің 40,8 мың гектарына мақта шитін сепсе, 20,1 мың гектар жерге бақша, 7,2 мың гектар жерге дәндік жүгері, 3,3 мың га жерге көкөніс пен 6,3 мың гектар жерге жоңышқа дақылын еккен. Аудандағы 20,1 мың гектарға егілген бақша дақылдарының 4 мың гектары қарбыз. Биылғы жылы 600 мың тоннадан астам бақша өнімдері жиналады деп жоспарланып отыр. Былтырғы жылы да бақша дақылдарынан ойдағыдай өнім алынып, облыста үздіктердің қатарынан көрінді. Айта кетейік, «Павел» шаруа қожалығы иелігіндегі егістік алқаптарына қарбыздан бөлек баклажан мен болгар бұрышын, қызанақ сынды бақша өнімдерін егіп, жергілікті тұтынушыларға тиімді бағада сатуда. Жылыжай жұмысын да дұрыс жолға қойған. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар