ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ИГЕРІЛМЕГЕН ЖЕРЛЕРДІ МЕМЛЕКЕТКЕ ҚАЙТАРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай жатқан жайылым жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тапсырма берген болатын. Осы бағытта Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың бастамасымен аудандағы игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімінің өкімі негізінде аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің жер қатынастары секторы тарапынан арнайы жұмысшы тобы құрылып, ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей жатқан жер учаскелеріне түгендеу жүргізілген. Нәтижесінде, ауыл шаруашылық мақсатындағы игерілмеген жер учаскелерінің көлемі 351,6 га құрап, жер иелеріне Түркістан облысының жер ресурстарының басқару департаменті тарапынан тексеру тағайындау хабарламалары берілген. Соның нәтижесінде, 5 азамат 18,2 га жерді өз еркімен мемлекет меншігіне қайтарса, 7 тұлға 65,7 га жерді қайта игеруге кіріскен. 20,1 га жер телімі иесіз мүлік ретінде тіркелген. Бүгінде 41 жер пайдаланушыларға тиесілі жалпы ауданы 247,5 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмеген жер телімдерін мемлекетке қайтару бойынша тиісті шаралар қабылдануда.
Одан бөлек, аудандағы қала, кент, ауылдық округтердегі заңсыз құрылыстарды жою бойынша анықтау, зерделеу жұмыстары жүргізіліп, құжаттары толық алынбаған. Яки дұрыс емес және өз мақсатына сай пайдаланылмаған нысандар анықталып, Түркістан облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына және Түркістан облысының жер ресурстарын басқару департаментіне өз құзыреті шегінде шара көру үшін жолдау бойынша да тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -