ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ: Түркістан облысы, 03 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА ВОЛЕЙБОЛДАН АУДАНАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Мұхамеджан Бейсенбайұлының ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы көпбейінді спорт кешенінде ересектер арасында волейболдан ауданаралық турнир өтті. Жетісай, Мақтаарал және Төле би аудандарының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Қадыров Бейсенбай Тәукебайұлының 100 жылдығына арналған

байрақты бәсекенің салтанатты ашылуына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев пен спорт ардагерлері, Бейсенбай Тәукебайұлының ұрпақтары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Қоғамда ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісуге, қаржы саласының майталманы Бейсенбай Қадыровты еске алуға арналған жарысқа Жетісай мен Мақтаарал аудандарынан 10 командада 100-ге тарта спортшы қатысып, бақтарын сынасты. Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай қорытындыланып, жүлделі ІІІ орынға «Ардагерлер» командасы табан тіресе, ІІ орын Мақтаарал ауданының «Мырзакент» командасының ойыншыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орын Жетісай қаласының «Б.Момышұлы» мектеп-гимназиясының әуе доп шеберлерінің қанжығасына байланып, чемпион атанды. Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар сайыс соңында ұйымдастырушылардың қаржылай сыйлықтарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ мен Мұхамеджан Бейсенбайұлының ұйымдастыруымен Жетісай қаласындағы «Бекзат Саттарханов» атындағы көпбейінді спорт кешенінде ересектер арасында волейболдан ауданаралық турнир өтті. Жетісай, Мақтаарал және Төле би аудандарының «Құрметті азаматы», еңбек ардагері Қадыров Бейсенбай Тәукебайұлының 100 жылдығына арналған <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>байрақты бәсекенің салтанатты ашылуына Жетісай ауданы әкімінің орынбасары Тұрышбек Елшібаев пен аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айтбай Маханбет, Жетісай ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жетісай спорт клубы» КММ директоры Таласхан Битуреев пен спорт ардагерлері, Бейсенбай Тәукебайұлының ұрпақтары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Қоғамда ұрпақтар сабақтастығын насихаттауға, бұқаралық спортты дамытуға, тұрғындар арасында волейбол спортына деген қызығушылықты арттырып, аға буын өкілдерінің ізін басқан жас спортшыларға тәжірибелерімен бөлісуге, қаржы саласының майталманы Бейсенбай Қадыровты еске алуға арналған жарысқа Жетісай мен Мақтаарал аудандарынан 10 командада 100-ге тарта спортшы қатысып, бақтарын сынасты. Командалар арасында өзара тартысты өткен ойындар төрешілердің бекіткен ережесіне сай қорытындыланып, жүлделі ІІІ орынға «Ардагерлер» командасы табан тіресе, ІІ орын Мақтаарал ауданының «Мырзакент» командасының ойыншыларына бұйырды. Ал, жүлделі І орын Жетісай қаласының «Б.Момышұлы» мектеп-гимназиясының әуе доп шеберлерінің қанжығасына байланып, чемпион атанды. Жүлделі орынға ие болған командалар мен үздік ойын үлгісін көрсеткен жекелеген ойыншылар сайыс соңында ұйымдастырушылардың қаржылай сыйлықтарымен, медальдарымен және дипломдарымен марапатталды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар