ТҮРКІСТАНДА АБАЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ОНКҮНДІК БАСТАЛДЫ
Бүгін Абай күні қарсаңында Түркістан облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Онкүндіктің ашылу іс-шарасында сөз алған кітапхананың әдістемелік-инновациялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Дана Байдәулетова атаулы күннің маңызына тоқталды.
Шара барысында Түркістан қалалық балалармен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының көркем сөз үйірмесіне қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ келушілерге арнайы жасақталған «Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды. Әрі қарай жоспар бойынша күнделікті іс-шараларға ұласып, 10 тамызға дейін жалғасады. Онда кеңейтілген кітап көрмесі, әлеуметтік желілерде танымдық сауалнама, викториналық сұрақтар, сурет байқауы, қара сөздері мен өлеңдерін жатқа айту сайысы сынды мазмұнды шаралар Абай ескерткішіне тағзым жасаумен қорытындыланбақ.
Айта кетейік, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Сол жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтті. Еліміздің мерекелік күнтізбесіне енген дәл осы күні әр өңірде шығармаларын насихаттайтын түрлі әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -