ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ: Түркістан облысы, 04 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ТҮРКІСТАНДА АРДАГЕР ҰСТАЗҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Ұстаздар күні қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ардагер ұстаздың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Еңбек ардагеріне құрмет көрсетіп, Алғыс хат табыстады. Ибрагимова Гулсин ана 1925 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 100 жасқа таяған ардақты ана 1944 жылдан бастап Хамза атындағы (бұрынғы Калинин) №2 жалпы білім беретін мектепте биология пәні мұғалімі, еңбек пәні мұғалімі болып 44 жыл

еңбек еткен. Жұбайы Тажимухаммад Ибрагимов мектепте тарих пәнінің мұғалімі, аудандық білім бөлімінің әдіскері болып қызмет атқарған. Кеңестік кезеңнен көпке танылып, түркістандықтардың мақтан тұтар педагогтарына айналған ардагерлердің ұрпақтары да осы кәсіпті жалғастырып, бүгінде ұстаздық қызметті абыроймен атқарып келеді. Бүгінде ұлағатты ұстаз 5 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, олардан 27 немере, 87 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр екен. Шаһар басшысы мұғалім - халықтың шамшырағы екенін тілге тиек етіп, ұстаздың болашақ ұрпақты тәрбиелеуде еңбегінің орасан зор екенін атап өтті. Мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқанын тілге тиек етіп, алғысын білдірді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Ұстаздар күні қарсаңында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы ардагер ұстаздың үйіне арнайы барып, мерекемен құттықтады. Еңбек ардагеріне құрмет көрсетіп, Алғыс хат табыстады. Ибрагимова Гулсин ана 1925 жылы 1 қаңтарда Түркістан қаласында дүниеге келген. 100 жасқа таяған ардақты ана 1944 жылдан бастап Хамза атындағы (бұрынғы Калинин) №2 жалпы білім беретін мектепте биология пәні мұғалімі, еңбек пәні мұғалімі болып 44 жыл <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>еңбек еткен. Жұбайы Тажимухаммад Ибрагимов мектепте тарих пәнінің мұғалімі, аудандық білім бөлімінің әдіскері болып қызмет атқарған. Кеңестік кезеңнен көпке танылып, түркістандықтардың мақтан тұтар педагогтарына айналған ардагерлердің ұрпақтары да осы кәсіпті жалғастырып, бүгінде ұстаздық қызметті абыроймен атқарып келеді. Бүгінде ұлағатты ұстаз 5 ұл, 2 қыз тәрбиелеп, олардан 27 немере, 87 шөбере, 2 шөпшек сүйіп отыр екен. Шаһар басшысы мұғалім - халықтың шамшырағы екенін тілге тиек етіп, ұстаздың болашақ ұрпақты тәрбиелеуде еңбегінің орасан зор екенін атап өтті. Мыңдаған шәкіртті тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатқанын тілге тиек етіп, алғысын білдірді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар