ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ: Түркістан облысы, 23 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

ТҮРКІСТАНДА «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ҰЛТТЫҚ ЖОБАСЫНЫҢ ЖАЙ-КҮЙІ САРАЛАНДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының орындалуы мәселесі қаралған жұмыс жиыны болып өтті. Партия филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің модераторлығымен өткен мәжіліске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай

Тәжібаев, Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылығы, ұлттық жобаны облысымызда жүзеге асыруға жауапты қаржы сарапшысы, аудан қала әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарлары, банк өкілдері, тиісті мекеме басшылары, партия филиалының жауапты қызметкерлері қатысты. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 2024 жылға 10 500 азаматты оқыту жоспарланса, бүгінгі таңға жоспар – 107,5 пайызға орындалып, нақты 11 293 азамат отбасылық табысты жоспарлаудың әдістерін меңгерді. Өткен жылы партия филиалының күш салуымен 14 600 адам осы курстарда білім алып, қаржылық сауаттылығын көтерген болатын», деді партияның өңірлік филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары Нағима Нұрманованың хабарламасы тыңдалды. Басқарма басшысының орынбасары «Қарызсыз қоғам» жобасының аясын кеңейтуде 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы әзірленгенін хабарлап, белгіленген міндеттерді іске асыруда 31 адамнан тұратын өңірлік жобалау командасы құрылғанын жария етті. Жобалау кеңсесі тұрғындарды қаржылық сауаттылыққа оқыту процесін ұйымдастыру, азаматтарды жоба туралы мағлұматтармен қамту, қарыз алушыларға несие қарыздарын өтеу бойынша кеңес беру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының шеңберінде өз ісін бастаймын дегендерге ұйымдастырушылық жұмыстарға қолдау көрсету, тағы да басқа міндеттерді атқаратыны айтылды. Биылғы жылдың 5 ақпанынан бастап өңірімізде халықты қаржылық сауаттылыққа жаппай оқыту жобасы іске асырылуда. Жоба басталғалы бері тұрғындардың 27 легі оқудан өтті. Азаматтарды қаржылық сауаттылық курсымен қамту көрсеткіші бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы бірінші көрсеткішке ие болып отыр. Бұл жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті деңгейде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі. Жиында қаралған мәселенің шеңберінде, берешекті реттеуден өткен азаматтарды жұмысқа орналастырудың нәтижелері туралы Түркістан облысның жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов айтып өтті. Бұл бағытта салалық басқармаға 180 азаматтың тізімі ұсынылып, оларды жұмысқа орналастыруда атқарылан шаралардың нәтижелері баяндалды. Бүгінгі күнге дейін аталған тізімде көрсетілген тұрғындар контингентінің ішінде 32 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылған болса, 41 азамат ұсынылған жұмыс орындарынан бас тартқаны айтылды. Сонымен қатар 64 азамат өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына енгені туралы ақпарат берілді. Мәжіліс барысында аудан, қалаларда қаржылық сауаттылық курстарын ұйымдастырудың проблемалық мәселелері талқыланып, қоғамға пайдалы бұл бастаманы ілгерілетуде кешенді ақпараттық жұмыстар жүргізудің тиімділігі сөз болды. Аудан, қала әкімдіктері курс жұмыстарын ұйымдастырып қана қоймай, қажетті білім алған алған азаматтардың жұмыспен қамтылуын үйлестіруі керек екені айтылды. «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы шеңберінде оқу курстарының ұйымдастырылуы, оларды аяқтаған тыңдаушылардың жұмыспен қамтылуы бойынша нақтылы ақпарат беруді кешеуілдететін Қазығұрт, Келес, Шардара, Жетісай аудандары мен Кентау қаласы өкілдерінің осы міндеттер бойынша атқарып жатқан жұмыстарының есептері тыңдалды. Жиынға қатысып, облыс тұрғындары үшін өзекті болып табылатын жобаның тиімділігі жөнінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пікір білдіріп, мемлекеттің әлеуметтік көмегі шын мәнінде мұқтаж азаматтар мен отбасыларға берілуі керектігін айтты. Бұл бағытта аудан, қала әкімдіктері отбасылардың әлеуметтік картасының шынайы түзілуіне жағдай жасауы керектігіне назар аударып, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеру жоспарының орындалуында нәтижелі жұмыстар жүргізуі қажет екенін ескертті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының бастамасымен «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасының орындалуы мәселесі қаралған жұмыс жиыны болып өтті. Партия филиалының төрағасы, Түркістан облыстық мәслихатындағы партиялық фракцияның жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің модераторлығымен өткен мәжіліске Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>Тәжібаев, Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармаларының басшылығы, ұлттық жобаны облысымызда жүзеге асыруға жауапты қаржы сарапшысы, аудан қала әкімдерінің осы салаға жауапты орынбасарлары, банк өкілдері, тиісті мекеме басшылары, партия филиалының жауапты қызметкерлері қатысты. «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында 2024 жылға 10 500 азаматты оқыту жоспарланса, бүгінгі таңға жоспар – 107,5 пайызға орындалып, нақты 11 293 азамат отбасылық табысты жоспарлаудың әдістерін меңгерді. Өткен жылы партия филиалының күш салуымен 14 600 адам осы курстарда білім алып, қаржылық сауаттылығын көтерген болатын», деді партияның өңірлік филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев. Күн тәртібінде қаралған мәселе бойынша Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы басшысының орынбасары Нағима Нұрманованың хабарламасы тыңдалды. Басқарма басшысының орынбасары «Қарызсыз қоғам» жобасының аясын кеңейтуде 2024-2026 жылдарға арналған жол картасы әзірленгенін хабарлап, белгіленген міндеттерді іске асыруда 31 адамнан тұратын өңірлік жобалау командасы құрылғанын жария етті. Жобалау кеңсесі тұрғындарды қаржылық сауаттылыққа оқыту процесін ұйымдастыру, азаматтарды жоба туралы мағлұматтармен қамту, қарыз алушыларға несие қарыздарын өтеу бойынша кеңес беру, сондай-ақ мемлекеттік бағдарламалар, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының шеңберінде өз ісін бастаймын дегендерге ұйымдастырушылық жұмыстарға қолдау көрсету, тағы да басқа міндеттерді атқаратыны айтылды. Биылғы жылдың 5 ақпанынан бастап өңірімізде халықты қаржылық сауаттылыққа жаппай оқыту жобасы іске асырылуда. Жоба басталғалы бері тұрғындардың 27 легі оқудан өтті. Азаматтарды қаржылық сауаттылық курсымен қамту көрсеткіші бойынша өңірлер арасында Түркістан облысы бірінші көрсеткішке ие болып отыр. Бұл жергілікті атқарушы орган тарапынан тиісті деңгейде жүргізілген жұмыстардың нәтижесі. Жиында қаралған мәселенің шеңберінде, берешекті реттеуден өткен азаматтарды жұмысқа орналастырудың нәтижелері туралы Түркістан облысның жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов айтып өтті. Бұл бағытта салалық басқармаға 180 азаматтың тізімі ұсынылып, оларды жұмысқа орналастыруда атқарылан шаралардың нәтижелері баяндалды. Бүгінгі күнге дейін аталған тізімде көрсетілген тұрғындар контингентінің ішінде 32 азамат жұмыспен қамту шараларына тартылған болса, 41 азамат ұсынылған жұмыс орындарынан бас тартқаны айтылды. Сонымен қатар 64 азамат өзін-өзі жұмыспен қамтығандар санатына енгені туралы ақпарат берілді. Мәжіліс барысында аудан, қалаларда қаржылық сауаттылық курстарын ұйымдастырудың проблемалық мәселелері талқыланып, қоғамға пайдалы бұл бастаманы ілгерілетуде кешенді ақпараттық жұмыстар жүргізудің тиімділігі сөз болды. Аудан, қала әкімдіктері курс жұмыстарын ұйымдастырып қана қоймай, қажетті білім алған алған азаматтардың жұмыспен қамтылуын үйлестіруі керек екені айтылды. «Қарызсыз қоғам» ұлттық жобасы шеңберінде оқу курстарының ұйымдастырылуы, оларды аяқтаған тыңдаушылардың жұмыспен қамтылуы бойынша нақтылы ақпарат беруді кешеуілдететін Қазығұрт, Келес, Шардара, Жетісай аудандары мен Кентау қаласы өкілдерінің осы міндеттер бойынша атқарып жатқан жұмыстарының есептері тыңдалды. Жиынға қатысып, облыс тұрғындары үшін өзекті болып табылатын жобаның тиімділігі жөнінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев пікір білдіріп, мемлекеттің әлеуметтік көмегі шын мәнінде мұқтаж азаматтар мен отбасыларға берілуі керектігін айтты. Бұл бағытта аудан, қала әкімдіктері отбасылардың әлеуметтік картасының шынайы түзілуіне жағдай жасауы керектігіне назар аударып, тұрғындардың қаржылық сауаттылығын көтеру жоспарының орындалуында нәтижелі жұмыстар жүргізуі қажет екенін ескертті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар