ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ КОНЦЕРТТЕР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР: Түркістан облысы, 19 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ КОНЦЕРТТЕР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ КОНЦЕРТТЕР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

ТҮРКІСТАНДА АШЫҚ АСПАН АСТЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ КОНЦЕРТТЕР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен облыс орталығында «Жаз гүліндей жайнаған қала» концерттік бағдарламасы өтіп жатыр. Ашық аспан астындағы әуендер атты жазғы іс-шара «Жеңіс» саябағынан басталған болатын. Рухани шаһарға келген қала қонақтары мен туристерге арналған шара кештің көңілді өтуіне сеп болмақ. Сондай-ақ қала тұрғындарының кешкі салқынмен қаланы аралап, ән мен күйге бөленуі үшін аталған

шараларды түрлі кешендер мен саябақтарда, халық көп шоғырланатын орындарда өткізу жоспарланған. Бүгінге дейін «Жеңіс» саябағы, Н.Оңдасынов кешені, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, «Жібек жолы» саябағы, «Темір жол» вокзалы, «Керуен сарай» туристік кешенінің шоу арена алдында өткізілді. Концерттік шарада «Яссы» халықтық этнофолькорлық ансамблі өнер көрсетіп, «Яссы» би ансамблі мың бұрала биледі. Осылайша тұрғындардың қошеметіне бөленіп келеді. Ал мәдениет үйінің әншілері «Түркістан» тақырыбындағы туындылар мен көңіл сергітер әндерді әуелете орындап, жиылған жұртқа мерекелік атмосфера сыйлады. Одан бөлек көрермен үшін қызықты ойындар ұйымдастырылу үрдіске айналған. Түркістанның дамуы мен тарихына қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс тапқан жандар Мәдениет үйі тарапынан арнайы сый-сияпаттарға ие болып келеді. Жалпы өңірдің мәдениеті мен рухани әлеміне саяхат жасап, жергілікті тұрғындар мен көрерменге көңіл-күй сыйлайтын шаралар легі тағы да жалғасады. Күндері мен өтетін орны Түркістан қалалық мәдениет үйі парақшасында жарияланып отырады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан қалалық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен облыс орталығында «Жаз гүліндей жайнаған қала» концерттік бағдарламасы өтіп жатыр. Ашық аспан астындағы әуендер атты жазғы іс-шара «Жеңіс» саябағынан басталған болатын. Рухани шаһарға келген қала қонақтары мен туристерге арналған шара кештің көңілді өтуіне сеп болмақ. Сондай-ақ қала тұрғындарының кешкі салқынмен қаланы аралап, ән мен күйге бөленуі үшін аталған <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>шараларды түрлі кешендер мен саябақтарда, халық көп шоғырланатын орындарда өткізу жоспарланған. Бүгінге дейін «Жеңіс» саябағы, Н.Оңдасынов кешені, Халықаралық туризм және меймандостық университеті, «Жібек жолы» саябағы, «Темір жол» вокзалы, «Керуен сарай» туристік кешенінің шоу арена алдында өткізілді. Концерттік шарада «Яссы» халықтық этнофолькорлық ансамблі өнер көрсетіп, «Яссы» би ансамблі мың бұрала биледі. Осылайша тұрғындардың қошеметіне бөленіп келеді. Ал мәдениет үйінің әншілері «Түркістан» тақырыбындағы туындылар мен көңіл сергітер әндерді әуелете орындап, жиылған жұртқа мерекелік атмосфера сыйлады. Одан бөлек көрермен үшін қызықты ойындар ұйымдастырылу үрдіске айналған. Түркістанның дамуы мен тарихына қатысты сұрақтар қойылып, дұрыс тапқан жандар Мәдениет үйі тарапынан арнайы сый-сияпаттарға ие болып келеді. Жалпы өңірдің мәдениеті мен рухани әлеміне саяхат жасап, жергілікті тұрғындар мен көрерменге көңіл-күй сыйлайтын шаралар легі тағы да жалғасады. Күндері мен өтетін орны Түркістан қалалық мәдениет үйі парақшасында жарияланып отырады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар