ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАРДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТАРЫН КӨТЕРДІ: Түркістан облысы, 17 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАРДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТАРЫН КӨТЕРДІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАРДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТАРЫН КӨТЕРДІ

ТҮРКІСТАНДА АУЫЛ ӘКІМДЕРІ «ҚАРЫЗСЫЗ ҚОҒАМ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕМИНАРДА ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТАРЫН КӨТЕРДІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастырып, халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруді тапсырған болатын. Президент пәрменімен биыл 750 мың қазақстандық жоба қатысушысы атанады. Осы ретте «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Түркістанда ұйымдастырылған оқу семинары өз мәресіне жетті. Оқу сабақтарына 100-ге жуық ауылдық округ әкімі

қатысып, қаржылық сауатын арттырды. Олар 3 күн бойы қаражатты ұтымды, тиімді, оңтайлы басқару жайын, алаяқтық әрекеттерді анықтаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Оларға «Қарызсыз қоғам» жобасының арнайы сертификаттарын облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров табыстады. «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты – азаматтарға несиелер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ банкроттық, жұмысқа орналасу және бизнесті қолдау шараларын алу мәселелері бойынша жәрдемдесу. Бүгінде бұл жоба Түркістан облысында қарқынды іске асып келеді. Өңірде 2024 жылға жалпы 10 500 адамды оқыту жоспарланған болса, қазіргі кезде 4393 азамат оқытылып, сертификаттар табысталды. 4393 азаматтың 63,3%-ы – 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар. Жоба тыңдаушыларының 15,2%-ы – аудан тұрғындары, 77,9%-ы –ауылдық округтер, 6,9%-ы – қала тұрғындары. Несие алғандардың ішінде 1 несие алғандар – 43,5%, 2 несие алғандар – 26,8%, 3 және одан да көп несие алғандар – 29,0%, 10 және одан да көп несие алғандар – 0,7%. Талдау нәтижесі жоба тыңдаушыларының басым бөлігінде (70,1%) несие бар екендігін көрсетті. Сонымен қатар облыста жобаға халықтың барынша қатысуын қамтамасыз ету үшін бүгінде 17 аудан, қала әкімдерінің орынбасарларын және 181 ауылдық округ әкімдерін оқыту жұмыстары қарқынды жүруде. Сондай-ақ облыс орталығы Түркістан қаласында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимаратында өңірлік жобалық кеңсе жұмыс атқаруда. Кеңседе құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері шешімін таппаған мәселелер бойынша азаматтарға қосымша кеңес береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын жалғастырып, халықтың қаржылық сауаттылығын көтеруді тапсырған болатын. Президент пәрменімен биыл 750 мың қазақстандық жоба қатысушысы атанады. Осы ретте «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында Түркістанда ұйымдастырылған оқу семинары өз мәресіне жетті. Оқу сабақтарына 100-ге жуық ауылдық округ әкімі <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>қатысып, қаржылық сауатын арттырды. Олар 3 күн бойы қаражатты ұтымды, тиімді, оңтайлы басқару жайын, алаяқтық әрекеттерді анықтаудың әдіс-тәсілдерін меңгерді. Оларға «Қарызсыз қоғам» жобасының арнайы сертификаттарын облыс әкімінің орынбасары Нұралхан Көшеров табыстады. «Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты – азаматтарға несиелер бойынша мерзімі өткен берешекті реттеу, қаржылық алаяқтықтан қорғау, сондай-ақ банкроттық, жұмысқа орналасу және бизнесті қолдау шараларын алу мәселелері бойынша жәрдемдесу. Бүгінде бұл жоба Түркістан облысында қарқынды іске асып келеді. Өңірде 2024 жылға жалпы 10 500 адамды оқыту жоспарланған болса, қазіргі кезде 4393 азамат оқытылып, сертификаттар табысталды. 4393 азаматтың 63,3%-ы – 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасылар. Жоба тыңдаушыларының 15,2%-ы – аудан тұрғындары, 77,9%-ы –ауылдық округтер, 6,9%-ы – қала тұрғындары. Несие алғандардың ішінде 1 несие алғандар – 43,5%, 2 несие алғандар – 26,8%, 3 және одан да көп несие алғандар – 29,0%, 10 және одан да көп несие алғандар – 0,7%. Талдау нәтижесі жоба тыңдаушыларының басым бөлігінде (70,1%) несие бар екендігін көрсетті. Сонымен қатар облыста жобаға халықтың барынша қатысуын қамтамасыз ету үшін бүгінде 17 аудан, қала әкімдерінің орынбасарларын және 181 ауылдық округ әкімдерін оқыту жұмыстары қарқынды жүруде. Сондай-ақ облыс орталығы Түркістан қаласында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы ғимаратында өңірлік жобалық кеңсе жұмыс атқаруда. Кеңседе құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері шешімін таппаған мәселелер бойынша азаматтарға қосымша кеңес береді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар