ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ: Түркістан облысы, 16 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

ТҮРКІСТАНДА БИЫЛ 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ПӘТЕР ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

Бүгін Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл - Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда шаһарда мемлекеттік бюджет және инвесторлар тарапынан 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. БАҚ өкілдері алдымен

“Отырар” мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің және Мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Жалпы 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй биыл пайдалануға берілмек. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланып отыр. Биыл қалада жалпы мемлекеттік бюджет есебінен 32 көппәтерлі үй, ал жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй, жалпы саны 2024 жылы 1800-ден астам пәтер пайдалануға беру жоспарланған. Ал 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталған. Нысанда сахна, саябақ, автотұрақ және балалар ойын алаңшасын салу көзделген. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары алдағы жылы аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері облыс орталығында іргетасы қаланған «Жастар орталығының» құрылыс жұмыстарымен танысты. Жастар орталығында арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, амфитеатр, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдар бар. Бүдан бөлек, журналистер «Бекзат» мөлтек ауданындағы жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын кәріз жүйесінің құрылысымен де танысты. Жыл соңына дейін қаланы кәрізбен қамту көрсеткішті 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «2024 жыл - Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз туры өтті. Тур аясында журналистер облыс орталығындағы құрылыс жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда шаһарда мемлекеттік бюджет және инвесторлар тарапынан 56 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. БАҚ өкілдері алдымен <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>“Отырар” мөлтек ауданындағы 5 қабатты 20 үйдің және Мәдениет үйінің құрылысымен танысты. Жалпы 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй биыл пайдалануға берілмек. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі 220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланып отыр. Биыл қалада жалпы мемлекеттік бюджет есебінен 32 көппәтерлі үй, ал жеке инвесторлар есебінен 24 көпқабатты үй, жалпы саны 2024 жылы 1800-ден астам пәтер пайдалануға беру жоспарланған. Ал 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталған. Нысанда сахна, саябақ, автотұрақ және балалар ойын алаңшасын салу көзделген. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары алдағы жылы аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде. Сонымен қатар, БАҚ өкілдері облыс орталығында іргетасы қаланған «Жастар орталығының» құрылыс жұмыстарымен танысты. Жастар орталығында арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, амфитеатр, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдар бар. Бүдан бөлек, журналистер «Бекзат» мөлтек ауданындағы жалпы ұзындығы 100 шақырымды құрайтын кәріз жүйесінің құрылысымен де танысты. Жыл соңына дейін қаланы кәрізбен қамту көрсеткішті 80 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақтағы жаңалықтар