ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ: Түркістан облысы, 21 Мамыр 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА «ЕЛ БАҚЫТЫ – ЕҢБЕК ПЕН БІРЛІКТЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА ОБЛЫСТЫҚ ҚХА-НЫҢ ХХVI СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістан қаласында «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті. Cессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ ҚХА Кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық

басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым, аудан, қала әкімдері, Түркістан облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және мүшелері, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессия отырысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев модераторлық етіп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Түркістан облысындағы этномедиация саласындағы жұмыстар республика көлемінде жоғары бағаланғанын атап өтті. Облыстағы этностар өкілдері тарапынан қазақ халқының тілі мен мәдениетін үйренуге деген ұмтылыс жоғары. Өңірде этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген. Сессия шеңберінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Онда заңнамалық талаптарға сәйкес ротация тәртібімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлары қызметіне «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысындағы филиалының төрағасы Сафаров Сарманбай мен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирсметов Бахадир сайланды. Кеңес мүшелері жаңа лауазым иелерінің өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі. Сессия барысында сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚХА-ның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында жүктелген мақсат-міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ ҚХА Төрағасының орынбасары күрделі кезеңде тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсеткен барша түркістандықтарға алғыс айтты. Айта кету керек, ҚХА-ның «Жүректен – жүрекке» ауқымды акциясы аясында Түркістан облыстық Ассамблеясы осы игі миссияның көшбасшысы болды. Түркістандық Ассамблея құны 150 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін жіберді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Сессия мәжілісінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Венера Саражова, Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Жамал Кадиров, Түркістан облыстық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Елена Стребкова облыс көлемінде жүзеге асып жатқан қайырымдылық шаралары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жалпы ахуал, медиация және тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына жастардың қосқан үлесі жайында мазмұнды баяндама жасады. Бұдан соң, Марат Әзілханов пен Бейсенбай Тәжібаев өңірімізде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарды арнайы марапаттады. Сапар аясында Марат Алмасұлы Түркістан қаласында Президент тапсырмасына сай салынып жатқан «Достық үйінің» құрылысымен танысты. Аталған ғимарат биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Түркістан қаласында «Ел бақыты – еңбек пен бірлікте» тақырыбында Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVI сессиясы өтті. Cессияға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, сондай-ақ ҚХА Кеңесінің мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, облыстық <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>басқармалар мен құқық қорғау органдарының басшылары, зиялы қауым, аудан, қала әкімдері, Түркістан облыстық ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктердің жетекшілері және мүшелері, жастар ұйымдары мен БАҚ өкілдері қатысты. Сессия отырысына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев модераторлық етіп, облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен қоғамдық келісімді нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. Түркістан облысындағы этномедиация саласындағы жұмыстар республика көлемінде жоғары бағаланғанын атап өтті. Облыстағы этностар өкілдері тарапынан қазақ халқының тілі мен мәдениетін үйренуге деген ұмтылыс жоғары. Өңірде этнос өкілдерінің 92%-ы қазақ тілін жетік меңгерген. Сессия шеңберінде Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысы өтті. Онда заңнамалық талаптарға сәйкес ротация тәртібімен облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының қоғамдық негіздегі орынбасарлары қызметіне «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің Түркістан облысындағы филиалының төрағасы Сафаров Сарманбай мен Түркістан облыстық өзбек этномәдени бірлестігінің төрағасы Ирсметов Бахадир сайланды. Кеңес мүшелері жаңа лауазым иелерінің өңірдегі қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті сақтауда алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына сәттілік тіледі. Сессия барысында сөз алған ҚХА Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов таяуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен ҚХА-ның «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясында жүктелген мақсат-міндеттерге тоқталды. Сондай-ақ ҚХА Төрағасының орынбасары күрделі кезеңде тасқын судан зардап шеккендерге көмек көрсеткен барша түркістандықтарға алғыс айтты. Айта кету керек, ҚХА-ның «Жүректен – жүрекке» ауқымды акциясы аясында Түркістан облыстық Ассамблеясы осы игі миссияның көшбасшысы болды. Түркістандық Ассамблея құны 150 миллион теңгенің гуманитарлық көмегін жіберді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. Сессия мәжілісінде «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Венера Саражова, Төлеби аудандық өзбек этномәдени бірлестігінің мүшесі Жамал Кадиров, Түркістан облыстық славян этномәдени бірлестігінің мүшесі Елена Стребкова облыс көлемінде жүзеге асып жатқан қайырымдылық шаралары, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, жалпы ахуал, медиация және тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның дамуына жастардың қосқан үлесі жайында мазмұнды баяндама жасады. Бұдан соң, Марат Әзілханов пен Бейсенбай Тәжібаев өңірімізде этносаралық татулық пен қоғамдық келісімді нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар азаматтарды арнайы марапаттады. Сапар аясында Марат Алмасұлы Түркістан қаласында Президент тапсырмасына сай салынып жатқан «Достық үйінің» құрылысымен танысты. Аталған ғимарат биыл күзде пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар