ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN-2024» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ: Түркістан облысы, 22 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «VOICE OF TURAN-2024» ҚАЗАҚ ӘНДЕРІ ФЕСТИВАЛІ БАСТАЛДЫ

Түркістанда әлем әншілерінің назарын аудартқан ғажап үн, талайды тамсандырған Тұран дауысы қайта оралды. Бүгін «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалі басталды. Салтанатты ашылуында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов көрерменді өнер мерекесімен

құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Бүгінгі байқаудың өңір руханиятын дамытуға ықпалы зор деп есептеймін. Қазақ халқы ежелден өнерге жақын болған. Мұны сан ғасырлық тарихтан аңғаруға болады. Бүгінгі өнер өнер додасының Түркістан төрінде қанат жаюы тегіннен емес. Қазіргі таңда мұнда республикалық және халықаралық шаралардың өтуі дәстүрге айналып келеді. Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндерін орындаушылар байқауы аз ғана уақытта әлемдік деңгейдегі танымал жобалардың қатарына енді. Осы жылы да өнер байқауы ел көңілінен шығады деп ойлаймын. Биылғы байқауға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, танымал композитор Төлеген Мұхамеджанов бастаған өнер қайраткерлері төрелік етуге келіп отыр. Бүгінгі өнер додасына қолдау білдіріп, қазақ әндерін насихаттауға үлес қосудағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қазақ әндері әлемдік өнер көгінде қалықтай берсін! – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған ән байқауына Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Әзербайжан, Грузия, Беларусь, Армения, Кипр, Түркия, Болгария, Косово, Индонезия, Испания, Куба, Венесуэла елдерінен халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар 16 үміткер қатысып жатыр. Байқау шартына сәйкес бүгін еліміздің өнер шеберлерімен бірге дуэт орындады. Ал ертең өз таңдауындағы қазақ әнін шырқайды. Жобаның бас продюсері – Мейіржан Алиакбаров. Бағы мен бабы қатар шапқан шын таланттарды шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар мен продюсерлер бар кәсіби қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған фестиваль мақсаты – төл музыканы, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын, қазақ тілін насихаттау. Ән арқылы әлемге халқымыздың музыка мәдениетінің сан алуандылығын паш ету. Ұлы Дала елінде туындаған шығармаларда айқын сақталған музыкалық ерекшеліктерді көрсету. Түркі әлімнің рухани астанасы – киелі Түркістанды насихаттау. Екі күн бойы қазақ әндерін әуелете шырқап, бақ сынаған қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталмақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"

Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістанда әлем әншілерінің назарын аудартқан ғажап үн, талайды тамсандырған Тұран дауысы қайта оралды. Бүгін «Конгресс холл» көпсалалы кешенінде Республика күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған халықаралық «Voice of Turan-2024» қазақ әндері фестивалі басталды. Салтанатты ашылуында сөз алған облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов көрерменді өнер мерекесімен <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі. – Бүгінгі байқаудың өңір руханиятын дамытуға ықпалы зор деп есептеймін. Қазақ халқы ежелден өнерге жақын болған. Мұны сан ғасырлық тарихтан аңғаруға болады. Бүгінгі өнер өнер додасының Түркістан төрінде қанат жаюы тегіннен емес. Қазіргі таңда мұнда республикалық және халықаралық шаралардың өтуі дәстүрге айналып келеді. Халықаралық «Voice of Turan» қазақ әндерін орындаушылар байқауы аз ғана уақытта әлемдік деңгейдегі танымал жобалардың қатарына енді. Осы жылы да өнер байқауы ел көңілінен шығады деп ойлаймын. Биылғы байқауға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, танымал композитор Төлеген Мұхамеджанов бастаған өнер қайраткерлері төрелік етуге келіп отыр. Бүгінгі өнер додасына қолдау білдіріп, қазақ әндерін насихаттауға үлес қосудағы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін. Қазақ әндері әлемдік өнер көгінде қалықтай берсін! – деді Зұлпыхар Сансызбайұлы. Биыл бесінші рет ұйымдастырылып отырған ән байқауына Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Башқұртстан, Тыва, Әзербайжан, Грузия, Беларусь, Армения, Кипр, Түркия, Болгария, Косово, Индонезия, Испания, Куба, Венесуэла елдерінен халықаралық ән байқауларында жетістікке жеткен 18-35 жас аралығындағы эстрадалық жанрдағы орындаушылар, үлкен концерттік қойылымдарда тәжірибесі бар 16 үміткер қатысып жатыр. Байқау шартына сәйкес бүгін еліміздің өнер шеберлерімен бірге дуэт орындады. Ал ертең өз таңдауындағы қазақ әнін шырқайды. Жобаның бас продюсері – Мейіржан Алиакбаров. Бағы мен бабы қатар шапқан шын таланттарды шығармашылық интеллигенция өкілдері, танымал орындаушылар, композиторлар мен продюсерлер бар кәсіби қазылар алқасы анықтайды. Жеңімпаздарға Гран-при, І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, сондай-ақ арнайы жүлделер мен ынталандыру сыйлықтары беріледі. Түркістан облыстық мәдениет басқармасы, Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырған фестиваль мақсаты – төл музыканы, қазақстандық авторлардың үздік шығармаларын, қазақ тілін насихаттау. Ән арқылы әлемге халқымыздың музыка мәдениетінің сан алуандылығын паш ету. Ұлы Дала елінде туындаған шығармаларда айқын сақталған музыкалық ерекшеліктерді көрсету. Түркі әлімнің рухани астанасы – киелі Түркістанды насихаттау. Екі күн бойы қазақ әндерін әуелете шырқап, бақ сынаған қатысушылар арасында жеңімпаздар анықталмақ. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар