ТҮРКІСТАНДА «МАХАББАТЫМ – КІТАП, МАМАНДЫҒЫМ – КІТАПХАНАШЫ» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Бүгін Түркістанда Кітапханашылар күніне орай «Махаббатым – кітап, мамандығым – кітапханашы» тақырыбында мерекелік жиынды өтті. Іс-шараны Облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Ержан Исатаев ашып беріп, барша жиналған кітапханашыларды кәсіби мерекемен құттықтады.
– Бүгінде облыстың кітапхана саласы қарқынды дамып келеді. Өңірдегі 399 кітапхананың қазаны күнде қайнап жатады. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасы екінші жыл қатарынан еліміз бойынша үздік атанып отыр. Жалпы кітапханашылар еңбегі еленіп, облыстық, республикалық сайыстарда топ жаруда. Бұл біз үшін үлкен жетістік. Кітапхананың әрбір қызметкері өз ісін сүйетін, кітапқұмар жандар. Оқырманның әрбір сұранысына жауап беріп, көңілінен шығып отыру да үлкен жауапкершілікті талап етеді. Еңбектеріңізді жоғары бағалаймыз. Сіздерге кәсіби даму, шығармашылық табыс тілеймін – деді басқарма басшысының орынбасары.
Шара барысында еңбегі еленген бір топ сала мамандары марапатталды. Өңір кітапханашылары облыс әкімінің, облыс әкімінің орынбасарының, облыстық мәдениет басқармасы басшысының, ҚР Ұлттық кітапханасы мен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директорларының, «Бітімгер» медиаторлардың қоғамдық бірлестігінің және «Қоғамдық келісім» мекемесінің алғыс хатымен марапатталды. Сонымен қатар кешті түйіндеген «Фараб» кітапханасының директоры Жанат Шардарбекова көпшілікке алғыс білдіріп, аудан, қалалардағы әріптестеріне марапаттарын табыстады. Сонымен қатар «Қазақстанның Құрметті кітапханашысы» төсбелгісімен кітапхана саласының ардагерін марапаттады. Мерекелік кеш әрі қарай Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Айта кетейік, ҚР Үкіметінің 2022 жылдың 18 қазандағы № 833 қаулысымен «24 қазан – Кітапханышлар күні» болып бекітілген болатын.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -