ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ: Түркістан облысы, 28 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

ТҮРКІСТАНДА ОБЛЫСТЫҚ «МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫ-2024» ҰЛТТЫҚ КОНКУРСЫ ӨТТІ

Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсы өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. – Бүгінгі жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз, үлгілі отбасыларды шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап кетуіміз керек. Себебі қазақ халқы үшін

отбасы –қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. Бұл талайды қанаттандырып, талай адамға алтын бесік болған киелі шаңырақ, – деді әкім орынбасары. Аталған конкурс 11 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биылғы конкурсқа жалпы 131 отбасы өтінім берген. Аудандық, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 30 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін облыс бойынша үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 5 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып отыр. Конкурс қорытындысына сәйкес І орын Сарыағаш ауданының отбасына бұйырды. Ал ІІ орынды Сауран ауданы мен Түркістан қаласының отбасылары иемденді. Отырар мен Түлкібас ауданының қатысушылары ІІІ орынға жайғасты. Жеңімпаз отбасындағы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Сарыағаш ауданы, Жылға ауылында дүниеге келген. Бүгінде зейнеткер, агрономия ғылымының кандидаты. Жұбайы Орынкүл Меңілбаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 3 ұл, 4 қыз, 22 немере, 11 шөбере тәрбилеп отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сарыағаш ауданының құрметті азаматы, ҚСРО президентінің «Құрмет белгі» иегері, «Тәуелсіздікке 25 жыл» медаль, «Сарыағаш ауданына 80 жыл» мерекелік медаль иегері. Айта кетейік, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін шараның мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін Түркістанда облыстық «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсы өтті. Мерекелік жиынға облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, жеңімпаздарды марапаттады. – Бүгінгі жүзден жүйрік шыққан жеңімпаз, үлгілі отбасыларды шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығына ерекше назар аударып отырғандығын атап кетуіміз керек. Себебі қазақ халқы үшін <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>отбасы –қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. Бұл талайды қанаттандырып, талай адамға алтын бесік болған киелі шаңырақ, – деді әкім орынбасары. Аталған конкурс 11 жылдан бері республикалық деңгейде тұрақты түрде өткізіліп келеді. Биылғы конкурсқа жалпы 131 отбасы өтінім берген. Аудандық, қалалық деңгейде ұйымдастырылған байқаудың алғашқы кезеңінде 30 отбасы жеңімпаз атанды. Ал бүгін облыс бойынша үздік деп танылып, жанұядағы жарасымдылық пен өзінің қарым-қабілеттерімен ерекшеленіп, ұрпақтар сабақтастығының қайталанбас үлгісін көрсеткен 5 үздік отбасы жүзден жүйрік шығып, «Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсының облыстық кезеңінде топ жарып отыр. Конкурс қорытындысына сәйкес І орын Сарыағаш ауданының отбасына бұйырды. Ал ІІ орынды Сауран ауданы мен Түркістан қаласының отбасылары иемденді. Отырар мен Түлкібас ауданының қатысушылары ІІІ орынға жайғасты. Жеңімпаз отбасындағы Есіркеп Меңлібаев 74 жаста. Сарыағаш ауданы, Жылға ауылында дүниеге келген. Бүгінде зейнеткер, агрономия ғылымының кандидаты. Жұбайы Орынкүл Меңілбаева зейнеткер, «Алтын алқа» иегері. Үлгілі отбасы 3 ұл, 4 қыз, 22 немере, 11 шөбере тәрбилеп отыр. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Сарыағаш ауданының құрметті азаматы, ҚСРО президентінің «Құрмет белгі» иегері, «Тәуелсіздікке 25 жыл» медаль, «Сарыағаш ауданына 80 жыл» мерекелік медаль иегері. Айта кетейік, облыстық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен өткізілетін шараның мақсаты – отбасы институтын, адамгершілікті руханиятты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңызын тану, ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқорлығын дәріптеу және кеңінен насихаттау. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар