ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ: Түркістан облысы, 05 Шілде 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «КҮЙ ҚҰДІРЕТІ» КҮЙШІЛЕР БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Түркістан облысы әкімдігінің Мәдениет және туризм басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті. Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өткен байқауды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тілеген болатын. Күй байқауында елге

танымал күйшілер мен өнер қайраткерлері қазылық етті. Байқауға елдің әр аймағынан келген 30-дан астам күйші екі кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқы кезеңнің талаптары мен шарттарына сәйкес қатысушы үміткерлер Сүгір Әлиұлының күйлерінен бір күй және Төлеген Момбековтың күйлерінен бір күй орындады. Ал екінші кезеңде Айтқали Жайымовтың «Шалқыма», Ермұрат Үсеновтың «Майра», Нұрғиса Тілендиевтің «Ақсақ құлан» және Қаршыға Ахмедияровтың «Хамаң толғауы» күйлерінен билет бойынша біреуін таңдап, қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен шеберліктерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша Түркістан облысының күйшісі Ернар Сәтім жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысынан келген Аяна Сатаева І орынға ие болса, Шымкент қаласынан Әліби Нышан және Алматы қаласынан Ержанат Жарқыннұр жүлделі ІІ орындарды бөлісті. Алматы қаласынан келген Нұрдана Тоқтан, Түркістан облысының өнерпазы Сұлтан Дінмұхамед және Алматы қаласының өкілі Сырым Шонбаев ІІІ орындарды иеленді. Сондай-ақ Қарағанды облысынан қатысқан Сейілхан Сайлауов Сүгір атындағы арнайы жүлдемен, Астана қаласынан келген Бауыржан Жолдыбеков Төлеген Момбеков атындағы арнайы жүлдемен және Алматы облысынан келген Серік Жұмағали Нұрғиса Тілендиев атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Ал Маңғыстау облысынан келген Берік Сатов, Атырау облысынан келген Әнуар Зинединов және Қарағанды облысынан Темірлан Кубат дипломант атанды. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнерін кеңінен насихаттау, күй өнерін дамыту және талантты күйшілерді анықтау. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысы әкімдігінің Мәдениет және туризм басқармасы мен Облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен Ұлттық домбыра күніне орай республикалық «Күй құдіреті» күйшілер байқауы өтті. Түркістандағы «Фараб» кітапханасында өткен байқауды облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев ашып беріп, қатысушыларға сәттілік тілеген болатын. Күй байқауында елге <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>танымал күйшілер мен өнер қайраткерлері қазылық етті. Байқауға елдің әр аймағынан келген 30-дан астам күйші екі кезең бойынша бақ сынасты. Алғашқы кезеңнің талаптары мен шарттарына сәйкес қатысушы үміткерлер Сүгір Әлиұлының күйлерінен бір күй және Төлеген Момбековтың күйлерінен бір күй орындады. Ал екінші кезеңде Айтқали Жайымовтың «Шалқыма», Ермұрат Үсеновтың «Майра», Нұрғиса Тілендиевтің «Ақсақ құлан» және Қаршыға Ахмедияровтың «Хамаң толғауы» күйлерінен билет бойынша біреуін таңдап, қазақ ұлт-аспаптар оркестрінің сүймелдеуімен шеберліктерін көрсетті. Байқау нәтижесі бойынша Түркістан облысының күйшісі Ернар Сәтім жеңімпаз атанды. Сонымен қатар Шығыс Қазақстан облысынан келген Аяна Сатаева І орынға ие болса, Шымкент қаласынан Әліби Нышан және Алматы қаласынан Ержанат Жарқыннұр жүлделі ІІ орындарды бөлісті. Алматы қаласынан келген Нұрдана Тоқтан, Түркістан облысының өнерпазы Сұлтан Дінмұхамед және Алматы қаласының өкілі Сырым Шонбаев ІІІ орындарды иеленді. Сондай-ақ Қарағанды облысынан қатысқан Сейілхан Сайлауов Сүгір атындағы арнайы жүлдемен, Астана қаласынан келген Бауыржан Жолдыбеков Төлеген Момбеков атындағы арнайы жүлдемен және Алматы облысынан келген Серік Жұмағали Нұрғиса Тілендиев атындағы арнайы жүлдемен марапатталды. Ал Маңғыстау облысынан келген Берік Сатов, Атырау облысынан келген Әнуар Зинединов және Қарағанды облысынан Темірлан Кубат дипломант атанды. Байқаудың мақсаты – қазақ халқының мәдени мұрасының бірегейі – күй өнерін кеңінен насихаттау, күй өнерін дамыту және талантты күйшілерді анықтау. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар