ТҮРКІСТАНДА ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ: Түркістан облысы, 20 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА ӘУЕСҚОЙ ФУТБОЛ ЛИГАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ

Бүгін облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен қорытынды жиында биылғы ойындардың жүлдегерлері марапатталды. Басқосуда сөз алған Мекенхан Қозыханұлы әуесқой футболшыларға қала басшысының

құттықтауын жеткізіп, алғыс хаты мен сыйлықтарын берді. Сондай-ақ шаһардың спорт саласына еңбегі сіңген, дамуына үлес қосып жатқан мамандарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады. Мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы аталған лига ойындарының тұрғындар арасында спортты насихаттауға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді. Жалпы Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан көктем-жаз маусым ойындарына А, Б, С, Д, және супер лига топтарына бөлініп 74 команда, 2000-ға жуық әуесқой футболшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша супер лигада 1-орынды Бекзат секторының командасы, 2-ші және 3-ші орынды Яссы секторының қос командасы иеленді. Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік сұрмерген» сынды номинациялар табысталды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Бүгін облыс орталығында шағын футболдан «Әуесқой футбол лига ойындарының» 2024 жылғы көктем-жаз маусымының жабылу салтанаты өтті. Шараға қала әкімінің орынбасары Мекенхан Қырықбаев, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев қатысты. «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында өткен қорытынды жиында биылғы ойындардың жүлдегерлері марапатталды. Басқосуда сөз алған Мекенхан Қозыханұлы әуесқой футболшыларға қала басшысының <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>құттықтауын жеткізіп, алғыс хаты мен сыйлықтарын берді. Сондай-ақ шаһардың спорт саласына еңбегі сіңген, дамуына үлес қосып жатқан мамандарға қала әкімінің арнайы алғыс хаттарын табыстады. Мәслихат төрағасы Ғаппар Амантайұлы аталған лига ойындарының тұрғындар арасында спортты насихаттауға қосқан үлесі зор екенін атап өтіп, дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді. Жалпы Түркістан қаласы бойынша кіші футболдан көктем-жаз маусым ойындарына А, Б, С, Д, және супер лига топтарына бөлініп 74 команда, 2000-ға жуық әуесқой футболшы қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша супер лигада 1-орынды Бекзат секторының командасы, 2-ші және 3-ші орынды Яссы секторының қос командасы иеленді. Сонымен қатар «Үздік қақпашы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік сұрмерген» сынды номинациялар табысталды. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар