ТҮРКІСТАНДА УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 7 ТОННАҒА ДЕЙІН ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨНІМІН ДАЙЫНДАЙДЫ: Түркістан облысы, 03 Қазан 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 7 ТОННАҒА ДЕЙІН ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨНІМІН ДАЙЫНДАЙДЫ

ТҮРКІСТАНДА УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 7 ТОННАҒА ДЕЙІН ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨНІМІН ДАЙЫНДАЙДЫ

ТҮРКІСТАНДА УНИВЕРСИТЕТ ЖАНЫНАН АШЫЛҒАН ЦЕХ ТӘУЛІГІНЕ 7 ТОННАҒА ДЕЙІН ЖЕМІС-ЖИДЕК ӨНІМІН ДАЙЫНДАЙДЫ

Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ботаникалық бағында орналасқан «Жеміс-жидектерді өңдеу өндірістік цехы» өз өнімдерін сатылымға шығарды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен ашылған цех жұмысы бүгінде қарқынды. Қазіргі таңда онда 13 түрлі өнім дайындалады. Атап айтқанда, кептірілген өрік пен алма, алмұрт, банан, алмұрт пен

өрік пастиласы, асқабақ, күнбағыс дәні, жаңғақ қосылған өрік пастиласы мен табиғи сусын қоспалары бар. Цехтың барлық өнімдері университеттің ботаникалық бағында өсетін жеміс-жидектерден жасалады. Аталған өнімдер қолжетімді бағада тек облыс көлемінде ғана емес, Қазақстан бойынша таратылып отыр. Айта кетейік, цехта алдағы уақытта басқа да өнімдер нарыққа шықпақ. Өндірістік цех заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Онда жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау сынды қызмет түрлері орындалады. Шағын өндіріс орнының 1 тəулікте 5-7 тонна өнім өңдеуге мүмкіндігі бар. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан қаласындағы Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ-нің ботаникалық бағында орналасқан «Жеміс-жидектерді өңдеу өндірістік цехы» өз өнімдерін сатылымға шығарды. ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне қарасты «Ғылым қоры» АҚ қолдауымен ашылған цех жұмысы бүгінде қарқынды. Қазіргі таңда онда 13 түрлі өнім дайындалады. Атап айтқанда, кептірілген өрік пен алма, алмұрт, банан, алмұрт пен <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>өрік пастиласы, асқабақ, күнбағыс дәні, жаңғақ қосылған өрік пастиласы мен табиғи сусын қоспалары бар. Цехтың барлық өнімдері университеттің ботаникалық бағында өсетін жеміс-жидектерден жасалады. Аталған өнімдер қолжетімді бағада тек облыс көлемінде ғана емес, Қазақстан бойынша таратылып отыр. Айта кетейік, цехта алдағы уақытта басқа да өнімдер нарыққа шықпақ. Өндірістік цех заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Онда жемістерді жуу, кесу, кептіру, сұрыптау, орау, сақтау сынды қызмет түрлері орындалады. Шағын өндіріс орнының 1 тəулікте 5-7 тонна өнім өңдеуге мүмкіндігі бар. Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Аймақтағы жаңалықтар