ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛ МЕН ОНЫҢ НЕМЕРЕСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ: Түркістан облысы, 18 Қыркүйек 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛ МЕН ОНЫҢ НЕМЕРЕСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛ МЕН ОНЫҢ НЕМЕРЕСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛ МЕН ОНЫҢ НЕМЕРЕСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛ МЕН ОНЫҢ НЕМЕРЕСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АҚСАҚАЛ МЕН ОНЫҢ НЕМЕРЕСІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «БАТАГӨЙ» БАЙҚАУЫНДА ЖҮЛДЕЛІ БОЛДЫ

Түркістан облысының тұрғыны, 72 жастағы қадірменді қария Жолдасбек Тұрманбетов Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Батагөй» республикалық байқауында жүлделі үшінші орынды иеленді. Аталған шара Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім және даму орталығы»

КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – этномәдени дәстүрлерімізді жаңғырту, насихаттау арқылы ұлттық болмысымызды бекемдеу. Сонымен қатар қоғамда ақсақалдар институтының рөлін күшейту, жас ұрпаққа халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрін сіңіру, батаның қадір-қасиетін түсіндіру. Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. 1-кезеңде байқауға қатысушы ақсақалдар немерелерімен өздерін таныстыра отырып, кезектесе өздері шығарған бата беру өнерін көрсетті. Алдымен ақсақал батаны бастап, немересі сол батаны жалғастырды. 2-кезеңде ақсақалдар экранға шыққан ұлттық салт-дәстүр түрлеріне орай қол жайып, бата қайырады. Ал 3-кезеңде қатысушылар байқауды аяқтайтын қорытынды батаны ұсынды. Бұл бата жарысты қорытындылап, қатысушылар мен көрермендерге арналды. Батаның мазмұны, оның қорытынды мәні және әсерлілігі бағаланды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Айта кетсек, республикалық байқауда абырой биігінен көрінген жерлесіміз Жолдасбек Мүбаракұлы ақсақал Арыс, Кентау қалаларында неміс тілі пәнінің мұғалімі, әскери жетекші қызметтерін абыроймен атқарған. 1982 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Арыс қаласы Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі, әскери жетекші, директордың тәрбие ісін атқарып, 2014 жылы зейнеткерлікке шығады. 2014-2017 жылдары Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған. 2017 жылы батагөй қариялардың облыстық байқауына қатысып бас жүлдені жеңіп алса, 2019 жылы Талдықорған қаласында өткен батагөй қариялардың республикалық байқауында жүлделі үшінші орынды иеленіп, облыстың намысын қорғады. Батагөй қария ардагерлер кеңесі жанынан «Ардагер» атты ансамбль құрып, сол ансамбльге жетекшілік етеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысының тұрғыны, 72 жастағы қадірменді қария Жолдасбек Тұрманбетов Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесінің «Батагөй» республикалық байқауында жүлделі үшінші орынды иеленді. Аталған шара Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен «Алматы облысының ішкі саясат басқармасы» ММ «Қоғамдық келісім және даму орталығы» <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>КММ-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Байқаудың мақсаты – этномәдени дәстүрлерімізді жаңғырту, насихаттау арқылы ұлттық болмысымызды бекемдеу. Сонымен қатар қоғамда ақсақалдар институтының рөлін күшейту, жас ұрпаққа халқымыздың баға жетпес бай салт-дәстүрін сіңіру, батаның қадір-қасиетін түсіндіру. Байқау 3 кезең бойынша өткізілді. 1-кезеңде байқауға қатысушы ақсақалдар немерелерімен өздерін таныстыра отырып, кезектесе өздері шығарған бата беру өнерін көрсетті. Алдымен ақсақал батаны бастап, немересі сол батаны жалғастырды. 2-кезеңде ақсақалдар экранға шыққан ұлттық салт-дәстүр түрлеріне орай қол жайып, бата қайырады. Ал 3-кезеңде қатысушылар байқауды аяқтайтын қорытынды батаны ұсынды. Бұл бата жарысты қорытындылап, қатысушылар мен көрермендерге арналды. Батаның мазмұны, оның қорытынды мәні және әсерлілігі бағаланды. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Айта кетсек, республикалық байқауда абырой биігінен көрінген жерлесіміз Жолдасбек Мүбаракұлы ақсақал Арыс, Кентау қалаларында неміс тілі пәнінің мұғалімі, әскери жетекші қызметтерін абыроймен атқарған. 1982 жылдың қыркүйек айынан 2014 жылдың қараша айына дейін Арыс қаласы Ақдала ауылындағы С.Ерубаев атындағы орта мектебінде неміс тілі пәні мұғалімі, әскери жетекші, директордың тәрбие ісін атқарып, 2014 жылы зейнеткерлікке шығады. 2014-2017 жылдары Арыс қалалық ардагерлер кеңесінің хатшысы қызметтерін атқарған. 2017 жылы батагөй қариялардың облыстық байқауына қатысып бас жүлдені жеңіп алса, 2019 жылы Талдықорған қаласында өткен батагөй қариялардың республикалық байқауында жүлделі үшінші орынды иеленіп, облыстың намысын қорғады. Батагөй қария ардагерлер кеңесі жанынан «Ардагер» атты ансамбль құрып, сол ансамбльге жетекшілік етеді. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар