ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯ «НҰР-МҮБАРАК» ЕГИПЕТ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ РЕКТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Дін саласындағы кәсіби мамандарды даярлау және аймақтағы діни ахуалды нығайту мақсатында Түркістан облыстық дін істері басқармасының делегациясы «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетіне арнайы сапармен барды.
Облыс әкімінің тапсырмасымен барған делегация құрамында Түркістан облыстық дін істері басқармасының басшысы Рүстем Сабыржанұлы, басқарманың «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ директоры Халықов Медет, сондай-ақ, орталықтың директор орынбасары Ағабеков Дархан болды.
Кездесу барысында университет ректоры, профессор Ахмед Хусейн Мухаммад делегацияны қабылдап, бірқатар маңызды мәселелерді талқылады. Жиынның нәтижесінде тараптар дін саласындағы білікті мамандарды даярлау, исламтану, дінтану және теология бағыттарында тәжірибе алмасу, студенттерді болашақ жұмыс орындарымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша ынтымақтастық меморандумына қол қойды.
Бұдан бөлек, басқарма басшылары университетте білім алып жатқан өңірлік шәкірттермен арнайы жүздесіп, оларды діни құрылымдарында жұмыс істеуге шақырды. Бұл кездесулер жас мамандардың кәсіби өсіміне бағыт-бағдар беру және елдің рухани дамуына үлес қосуға шабыттандыру мақсатында ұйымдастырылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -