ТҮРКІСТАНДЫҚ МЕРГЕНДЕР ЖАМБЫ АТУДАН 10 ЖҮЛДЕ ЖЕҢІП АЛДЫ
Жамбыл облысы, Меркі ауданында жамбы атудан жастар мен жасөспірімдер арасында республикалық турнир өтті. Атадан балаға мирас болып келе жатқан ат үстіндегі садақ ату өнерін жан-жақты дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған сайыста нағыз шеберлер жеңіс тұғырынан көрінді.
Түркістан облысы ұлттық спорт түрлері мектебінің спортшылары бұл додада 2 алтын, 5 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Сондай-ақ командалық жарыста «Массай» стилінен 1-орынды иеленді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -