ТҮРКІСТАНДЫҚ ПЕДАГОГТАР БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН БАСТАДЫ: Түркістан облысы, 10 Маусым 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПЕДАГОГТАР БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПЕДАГОГТАР БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН БАСТАДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ПЕДАГОГТАР БІЛІКТІЛІКТІ АРТТЫРУ КУРСТАРЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысының білім саласын одан әрі дамытуға жаңа қадам басты. Бұл бағытта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен жүйелі жұмыс атқарылуда. Өткен жылдың соңында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді. Түркістан төрінде 6-7 маусым

күндері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары келіп, тәжірибе алмасып, біліктілік арттыру курсын өткізді. Курсқа Түркістан облысы бойынша білім беру ұйымдары мен мектептен 150-ден өкіл қатысты. Түркістан облысындағы жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог кадрларының біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыруды көздейтін бастамаға жыл соңына дейін 1000-ға жуық педагог біліктілігін арттырады деп күтілуде. - “Жайлы мектеп” кадрларын осы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен дайындықты өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл 29 “Жайлы мектеп” іске қосылады. Бірінші кезекте Ұлттық жоба аясында алғашқы кезекте құрылыс нысанының жойылуына байланысты, толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшірілетін 8 мектептің басшылық құрамы мен мұғалімдері біліктілікті арттыру курсына қатысады. Ал, құрылысы 2025 жылы аяқталатын 34 мектептің педагогикалық құрамы кезең-кезеңімен іс-тәжірибеден өтеді , - деп панельдік сессияны қортындылаған облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы келген профессорлар құрамына алғысын білдірді. Сессия барысында 16 тақырып бойынша талқыланды. Оның ішінде білім берудегі сапа менеджменті жүйесі (TQM IS), белсенді оқыту әдістері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту, электронды цифрлық ортада орыс тілі мен әдебиеті оқулықтарын пайдалану, «4К моделі» және дискурстық талдау, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары, жаратылыстану пәндері бойынша метапәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру сынды бірқатар маңызды бағыттарда тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар өздерінің педагогикалық практикасына енгізе алатын жаңа білімді, нақты әдістер мен стратегияларды меңгеруге тамаша мүмкіндік алды. Біліктілікті арттыру курстары тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналып қана қоймай, Түркістан облысының білім саласын одан әрі дамытуға ықпал етті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістан облысының білім саласын одан әрі дамытуға жаңа қадам басты. Бұл бағытта облыс әкімі Дархан Сатыбалдының бастамасымен жүйелі жұмыс атқарылуда. Өткен жылдың соңында Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп пен Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойған еді. Түркістан төрінде 6-7 маусым <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>күндері Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессорлары келіп, тәжірибе алмасып, біліктілік арттыру курсын өткізді. Курсқа Түркістан облысы бойынша білім беру ұйымдары мен мектептен 150-ден өкіл қатысты. Түркістан облысындағы жалпы білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог кадрларының біліктілігі мен кәсіби құзыреттілігін жүйелі түрде арттыруды көздейтін бастамаға жыл соңына дейін 1000-ға жуық педагог біліктілігін арттырады деп күтілуде. - “Жайлы мектеп” кадрларын осы Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінен дайындықты өткізуді жоспарлап отырмыз. Биыл 29 “Жайлы мектеп” іске қосылады. Бірінші кезекте Ұлттық жоба аясында алғашқы кезекте құрылыс нысанының жойылуына байланысты, толық құрамда жаңа жайлы мектепке көшірілетін 8 мектептің басшылық құрамы мен мұғалімдері біліктілікті арттыру курсына қатысады. Ал, құрылысы 2025 жылы аяқталатын 34 мектептің педагогикалық құрамы кезең-кезеңімен іс-тәжірибеден өтеді , - деп панельдік сессияны қортындылаған облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев арнайы келген профессорлар құрамына алғысын білдірді. Сессия барысында 16 тақырып бойынша талқыланды. Оның ішінде білім берудегі сапа менеджменті жүйесі (TQM IS), белсенді оқыту әдістері арқылы функционалдық сауаттылықты дамыту, электронды цифрлық ортада орыс тілі мен әдебиеті оқулықтарын пайдалану, «4К моделі» және дискурстық талдау, мұғалімдер мен мектеп оқушыларының ғылыми-зерттеу жұмыстары, жаратылыстану пәндері бойынша метапәндік құзіреттіліктерді қалыптастыру сынды бірқатар маңызды бағыттарда тәжірибесімен бөлісті. Қатысушылар өздерінің педагогикалық практикасына енгізе алатын жаңа білімді, нақты әдістер мен стратегияларды меңгеруге тамаша мүмкіндік алды. Біліктілікті арттыру курстары тәжірибе мен білім алмасу алаңына айналып қана қоймай, Түркістан облысының білім саласын одан әрі дамытуға ықпал етті. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар