ТҮРКІСТАНДЫҚ СПОРТШЫЛАР МӘСКЕУДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРЫСТАН ЕКІ ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ
Ресей астанасы – Мәскеуде 30 мамыр мен 2 маусым аралығында академиялық есуден ірі халықаралық жарыс өтті. Биылғы регатаға Ресей, Беларусь, Сербия, Куба, Өзбекстан, Қазақстан және Пәкістанның 27 өңірінен 1300-ден астам ескекші жиналды.
Жарыс қорытындысы бойынша Су спорты түрлерінен Түркістан облыстық спорт мектебінің қос спортшысы Мелани Жақыпова мен Ангела Полянина қола жүлдеге ие болды. Бұл спортшылар Қазақстан құрамасы сапында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында екілік 2Х және төрттік 4Х сайыстарында медаль еншіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -