ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ: Түркістан облысы, 27 Тамыз 2024 жылдың - krmm.kz сайтындағы жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ ТАЕКВОНДОШЫЛАР ҚЫТАЙДА ӨТКЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРДЕН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Түркістандық спортшылар 13-19 тамыз күндері Қытайдың Уси қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында (WT) өткен «Grand slam-2024» халықаралық турнирінен жүлделі оралды. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық сайыста Нәлібай Жаншуақ 2-орынға (45-61 келі салмақта), Акрамова Шахризод 3-орынға (33-45 келі салмақта) ие болды. Жаттықтырушылары – Тұраров Абзал мен Тұрлыбек Жандарбек.

«Спортқа келгенде таеквондоны өзім таңдадым. 10 жасымнан бастап осы спорт түрімен шұғылданып келемін. Өзіме қатты ұнайды. Болашақта олимпиада чемпионы болғым келеді. Сол үшін де аянбай тер төгуге дайынмынә» – деді түркістандық жас спортшы Жаншуақ Нәлібай. Сондай-ақ ол спорттағы әр жетістігіне қолдау білдіретін ата-анасы мен жаттықтырушысына алғысын жеткізді. Айта кетейік, аталған халықаралық спорт сайысына елімізден 34 спортшы қатысқан болатын. 20-дан аса мемлекет қатысқан турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орынды иеленіп, 7 алтын, 3 күміс, 6 қола медальді қанжығаға байлады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі: ГУ "Аппарат акима Туркестанской области"


Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме - https://t.me/gurkkz

krmm.kz
Түркістандық спортшылар 13-19 тамыз күндері Қытайдың Уси қаласында таеквондодан жасөспірімдер арасында (WT) өткен «Grand slam-2024» халықаралық турнирінен жүлделі оралды. Алғаш рет ұйымдастырылған халықаралық сайыста Нәлібай Жаншуақ 2-орынға (45-61 келі салмақта), Акрамова Шахризод 3-орынға (33-45 келі салмақта) ие болды. Жаттықтырушылары – Тұраров Абзал мен Тұрлыбек Жандарбек. <p class="html-span xdj266r x11i5rnm xat24cr x1mh8g0r xexx8yu x4uap5 x18d9i69 xkhd6sd x1hl2dhg x16tdsg8 x1vvkbs"></p>«Спортқа келгенде таеквондоны өзім таңдадым. 10 жасымнан бастап осы спорт түрімен шұғылданып келемін. Өзіме қатты ұнайды. Болашақта олимпиада чемпионы болғым келеді. Сол үшін де аянбай тер төгуге дайынмынә» – деді түркістандық жас спортшы Жаншуақ Нәлібай. Сондай-ақ ол спорттағы әр жетістігіне қолдау білдіретін ата-анасы мен жаттықтырушысына алғысын жеткізді. Айта кетейік, аталған халықаралық спорт сайысына елімізден 34 спортшы қатысқан болатын. 20-дан аса мемлекет қатысқан турнирде Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-орынды иеленіп, 7 алтын, 3 күміс, 6 қола медальді қанжығаға байлады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Аймақтағы жаңалықтар