Т. Рысқұлов ауданында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Т.Рысқұлов ауданы Рахым Сәбденов ауылында 15 келушіге арналған фельдшерлік-акушерлік пункт халық игілігіне берілді.Жаңа әлеуметтік нысанның құрылысын «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы аясында «Синдикат групп» ЖШС-сы жүргізді. Жобаға бюджеттен 298 млн. теңге бөлінген.Ғимаратта дәрігерге дейінгі қарау, егу, таңу бөлмелері бар, сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған бірнеше кабинет қарастырылған.Айта кетейік, Т. Рысқұлов ауданында 35 денсаулық сақтау нысаны жұмыс істейді. Олардың материалдық-техникалық жарақтандыру көрсеткіші 92 пайызды құрайды.Өткен жылы Қайыңды және Қорағаты ауылында дәл осындай фельдшерлік-акушерлік пункт қолданысқа берілген болатын.Ауданның даму жоспарына сәйкес 2027 жылға дейін тағы 5 медициналық пункт салынады деп күтілуде.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -