Талдықорған қаласы әкімдігі футзалдан «Kyzmet CUP - 2024» турнирінің жеңімпазы атанды
Бүгін «Жастар» спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында футзалдан «Kyzmet CUP - 2024» турнирінің финалдық кезеңі өтті.
Финалдық ойынға Жетісу облысының әкімдігі, Ақсу, Текелі және Талдықорған қаласының әкімдігінің командалары өтіп, өзара мықтыны анықтады.
Тартысқа толы турнирдің қорытындысы бойынша ІІІ-орынды Жетісу облысының әкімдігі алса, ІІ-орынды Текелі қаласының әкімдігі місе тұтса, ал турнир жеңімпазы Талдықорған қаласының әкімдігі атанды.
Айта кетейік, турнир ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің, Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен өтті.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -