Талдықорған қаласында «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсына құжат қабылдау жүріп жатыр
Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары!
«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының бірінші кезеңіне қатысу үшін өтінімдер кабылдау жүріп жатыр. Конкурстың мақсаты - отбасылық өнегелі құндылықтар мен дәстүрлерді жаңғырту, отбасы мен некенің жағымды бейнесін санаға сіңіру және қоғамдағы отбасының мәртебесін арттыру.
«Мерейлі отбасы» байқауына еңбекте, спортта, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктері бар отбасыларының мүшелері қатыса алады.
Байқауға қатысу үшін құжаттар (өтінім, конкурстық материалдар) 2024 жылғы 15 мамыр мен 15
маусым аралығында Талдықорған қаласы, Абай көшесі №2
56, Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінде қабылданады. Байланыс телефондары: 24-73-31Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -