Талдықорған қаласындағы қонақ дәрісі
Жетісу облысындағы сапар барысында Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев Талдықорған қаласының Островский атындағы № 8 орта мектептің 9-10 сынып оқушыларына экологиялық ағарту және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бойынша қонақ дәріс өткізді.
Вице-министр оқушыларға «Таза Қазақстан» акциясы аясында министрлік жүргізіп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. «Таза Қазақстан» ауқымды акциясы аясында наурыз айынан бастап елімізде 4,15 млн астам тұрғынның қатысуымен 140-тан астам экологиялық іс-шара өткізілді. 34,8 мыңнан астам әлеуметтік нысанның аумағы тазартылып, 5 мыңға жуық саябақ пен сквер абаттандырылды. 2,9 мың ағаш және бұта көшеттері отырғызылды. 800-ден астам субұрқақ жөнделіп, 1,2 млн тоннадан астам қоқыс жиналды.
Вице-министр атап өткендей, экологиялық мәдениет тек табиғат туралы білім және бір реттік акциялар өткізу емес. Бұл қоршаған ортаға саналы көзқарас, болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігімізді түсіну және планетаның игілігі үшін әрекет етуге дайын болу. Экологияға қамқорлық біздің күнделікті өміріміздің бір бөлігі болуы керек.
Халықты қоршаған ортаны қорғау жөніндегі экологиялық мәдениетке баулу, энергияны, суды және басқа да табиғи ресурстарды пайдалануға үнемді көзқарас қалыптастыру, тұрмыстық қалдықтарды одан әрі өңдеу үшін оларды бөлек жинау әдетін, патриотизмді, туған өлкеге деген сүйіспеншілікті ояту қажет.
Қонақ дәрістер Жетісу облысы әкімі Б. Исабаевтың бастамасымен өткізіледі. 2023 жылдың қыркүйегінен бастап Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының жанынан «Адамгершілік-құқықтық жұмыс жөніндегі тәлімгер» жобалық кеңсесі құрылды.
Жобаның мақсаты Жетісу облысының оқушылардың жеке дамуын тәлімгерлікпен сүйемелдеу, балалар мен ересектердің желілік әлеуметтенуі, кемсітушіліктің алдын алу, зорлық-зомбылық пен құқыққа қайшы мінез-құлықтың барлық түрлері арқылы бірыңғай тәрбие кеңістігін қалыптастыру болып табылады.
Жоба бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған жұмыс жоспары әзірленуде. Жоспарға сәйкес, Жетісу облысының басшылығы, ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, РҚБ басшылары арасында қонақ дәрістер барысында өз тәжірибелерімен бөлісіп, жас ұрпаққа кеңестер беріп, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап беретін болады.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -