Талдықорған мектептерінің оқушылары ҰБТ-дан жоғары балл алуда
Талдықорған қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеуден жоғары балл жинауда, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорған қаласы әкімдігінің мәліметіне қарағанда, әзірге ең жоғары балл Қ. Қасымов атындағы №28 ІТ мектеп лицейін бітірген Алмат Санатұлына тиесілі, «Математика-география» бағытын таңдаған ол 132 балл жинады. Мұнан кейін Шағын орталығы бар М.Жұмабаев атындағы №19 мектеп-гимназияның түлегі Сабина Әбілақат тұр. Ол «Қазақ тілі мен әдебиеті» бағыты бойынша тест тапсырып, 131 балл иеленді.
Атап өтсек, қазіргі кезде Талдықорғандағы жалпы білім беретін мектептердің 18 бітірушісі ҰБТ-дан 116-дан 132 балға дейін алған.
Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Фотосуреттерді Талдықорған қаласының әкімдігі ұсынды.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -