Талдықорғанда 200 орынды жекеменшік мектеп қолданысқа берілді
Бүгін облыс орталығы Талдықорған қаласында «Білім күніне» орай тағы бір заманауи үлгідегі 200 орынды «Умные детки» жекеменшік мектеп қолданысқа берілді. Аталмыш білім ордасы Талдықорған қаласының қала мәртебесін алғанына 80 жыл толуына орай және қала күні қарсаңында ашылып отыр.Білім ордасының ашылу салтанатына қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков қатысып, лентасын қиып, мектеп ұжымын және оқушыларлды білім күнімен құттықтап, алдағы жаңа оқу жылында толағай табыс тіледі.Дарынды балаларды оқутуға арналған мектеп 1-4 сынып оқушыларына арналған. Жалпы ауданы 2500 мың шаршы метрді құрайтын білім ордасында 40 қала тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтылған. «Бүгінгі күні қаламызда 27 мемлекеттік мектептерден бөлек, 5 жекеменшік мектептер бар. Осылайша әрбір ата-ана өз баласына сапалы білім алып, озық жаңа технологияларды игеру де таңдау жасамақ. Сондай-ақ, жекеменшік мектептердің қаламызда ашылуы арқылы инвестиция көзі тартылып, экономиканың дамуына да оң серпінін тигізбек. Біз барынша осындай тың бастамаларды қолдауға әркез дайынбыз», - деді қала әкімінің орынбасары Жеңіс Андабеков өз сөзінде.Айта кетейік, жеке кәсіпкер мектепті салуы үшін 400 млн.теңге болатын инвестиция тартқан.
Ақпарат көзі:
Біздің Telegram арнамызға жазылыңыз және барлық маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз, мына сілтеме -